https://sputnik.kz/20211229/ayaz-ata-shygys-qazaqstan-video-19019254.html
Аяз атаның артынан қуған баланың видеосын бірер сағатта мыңдаған адам көрді
Аяз атаның артынан қуған баланың видеосын бірер сағатта мыңдаған адам көрді
Sputnik Қазақстан
Аяз атаның артынан қуған баланың видеосы желіде қызу тарап жатыр, бірнеше сағаттың ішінде он бес мыңнан аса қаралым жинады 29.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-29T17:18+0500
2021-12-29T17:18+0500
2022-02-02T09:48+0500
өңірлер
аяз ата
бала
видео
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1d/19018650_0:245:2770:1803_1920x0_80_0_0_f16d44b90ab3747eb3b2296cb0c6b9f4.jpg
АЛМАТЫ, 29 желтоқсан – Sputnik. Желіде баланың Аяз ата шанасының артынан жүгірген видеосы тарады. Желі қолданушылары баланың ертегі кейіпкерін бар көңілімен тоқтатқысы келгеніне риза болды."Аяз ата, тоқта! Тоқта, Аяз ата!", - деп айқайлайды бала қиялдағы кейіпкерге. Видео Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында түсірілді, бірнеше сағат ішінде Osa_uka_vko Instagram парақшасында жарияланған видео 15 мыңнан астам қаралым жинады.Желі қолданушылары тоқтамай пікір қалдырып жатыр, ішінде бала Аяз атаны қуып жеткеніне үміттенгендер көп."Ол кәрі болған соң естімейді", "Бір ауыз сөзде қаншама үміт бар", "Аяз атаға сенетін бала. Оқиғаның жалғасын күтеміз", "Ғажайып болуы керек", деп жазып жатыр желі қолданушылары.Кейбірі өзінің балалық шағын еске түсірсе, енді бірі көзіне жас алғанын айтты.Баланың анасы Наталья оқиғаның жалғасын айтып берді.Оның айтуынша, Дима небәрі 9 жаста және ол әлі де Аяз ата мен ғажайыпқы сенеді."Ол мектептен шыққанда жанынан шанамен Аяз атаның өтіп бара жатқанын көріп, артынан жүгірді. Мектептің артына жеткенде қуып жетті. Ол жалғыз болған жоқ, жанында досы болды. Аяз атадан шанаға мінгізуді сұрады, ол балалардың тілегін орындады. Ұлым риза болды. Үлкен әсер алды", - деді Наталья Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.Оның сөзінше, Аяз атамен кездескеннен кейін бала кешке дейін сиқыршының шанасына қалай мінгенін айтып жүрген.Келесі күні Аяз ата балаға өзі келіп, сыйлық берген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1d/19018650_21:0:2750:2047_1920x0_80_0_0_0ce89db3d16d18595108c35e675d7b43.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аяз ата, бала
Аяз атаның артынан қуған баланың видеосын бірер сағатта мыңдаған адам көрді
17:18 29.12.2021 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Аяз атаның артынан қуған баланың видеосы желіде қызу тарап жатыр, бірнеше сағаттың ішінде он бес мыңнан аса қаралым жинады
АЛМАТЫ, 29 желтоқсан – Sputnik. Желіде баланың Аяз ата шанасының артынан жүгірген видеосы тарады. Желі қолданушылары баланың ертегі кейіпкерін бар көңілімен тоқтатқысы келгеніне риза болды.
"Аяз ата, тоқта! Тоқта, Аяз ата!", - деп айқайлайды бала қиялдағы кейіпкерге. Видео Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында түсірілді, бірнеше сағат ішінде Osa_uka_vko Instagram парақшасында жарияланған видео 15 мыңнан астам қаралым жинады.
Желі қолданушылары тоқтамай пікір қалдырып жатыр, ішінде бала Аяз атаны қуып жеткеніне үміттенгендер көп.
"Ол кәрі болған соң естімейді", "Бір ауыз сөзде қаншама үміт бар", "Аяз атаға сенетін бала. Оқиғаның жалғасын күтеміз", "Ғажайып болуы керек", деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Кейбірі өзінің балалық шағын еске түсірсе, енді бірі көзіне жас алғанын айтты.
Баланың анасы Наталья оқиғаның жалғасын айтып берді.
Оның айтуынша, Дима небәрі 9 жаста және ол әлі де Аяз ата мен ғажайыпқы сенеді.
"Ол мектептен шыққанда жанынан шанамен Аяз атаның өтіп бара жатқанын көріп, артынан жүгірді. Мектептің артына жеткенде қуып жетті. Ол жалғыз болған жоқ, жанында досы болды. Аяз атадан шанаға мінгізуді сұрады, ол балалардың тілегін орындады. Ұлым риза болды. Үлкен әсер алды", - деді Наталья
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Оның сөзінше, Аяз атамен кездескеннен кейін бала кешке дейін сиқыршының шанасына қалай мінгенін айтып жүрген.
Келесі күні Аяз ата балаға өзі келіп, сыйлық берген.