https://sputnik.kz/20211229/Bekbolat-Tileukhan-deputat-19011955.html
Бекболат Тілеуханның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды
Бекболат Тілеуханның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
Орталық сайлау комиссиясы Бекболат Тілеуханның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындағанын хабарлады 29.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-29T09:07+0500
2021-12-29T09:07+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
бекболат тілеухан
мәжіліс депутаты
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0e/16032629_0:0:3367:1895_1920x0_80_0_0_d3ab166f79665ae612230e931184f73d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі."Парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әріптестіне жаңа қызметте сәттілік тілеп, алғыс хат табыстады. "Бекболат Қанайұлын баршаңыз жақсы білесіздер. Елімізге, халқымызға танымал тұлға. Бүгінде Бекболат Тілеуханды білмейтін қазақ жоқ десек, артық болмайды. Ол саясатта болсын, өнер саласында болсын, қоғамдық жұмыстарда болсын, үлкен үлес қосып келе жатқан абыройлы азаматтарымыздың бірі. Бірнеше шақырылымның мәжіліс депутаты болды. Халыққа қажетті заңдарды қабылдауға ықпал етті. Әсіресе әлеуметтік-мәдени даму жолында Бекболат Қанайұлының рөлі өте зор", - деді Нығматулин.Экс-депутат Тілеухан Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының бірінші вице-президенті болып тағайындалды.Бекболат Тілеуханның өмірбаяныБекболат Қанайұлы Тілеухан 1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Атасу кентінде туған. Әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996), Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дарын жастар сыйлығының иегері. Білімі – жоғары, 1993 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын "концерт орындаушы" мамандығы бойынша, ал 1998 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетін "инженер-металлург" мамандығы бойынша бітірді.1996 жылдан 2001 жылға дейін Қазақстан президенті оркестірінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарған.2000 жылдардың басында еліміздің мәдениет саласында бірқатар лауазымды қызмет атқарды. 2002-2004 жылдар аралығында мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, мәдениет вице-министрі қызметін атқарды.2004 жылдан бастап "Нұр Отан" партиясына мүше.2016-2021 жылдары VІ шақырылымдағы мәжіліс депутаты болды. 2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін - VІІ шақырылған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты.Бекболат Тілеухан бұған дейін мәжілістің ІІІ және ІV шақырылымында депутат болған. 1996 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" құрметті атағы берілді. "Парасат орденімен", "Қазақстан конститутциясына 10 жыл", "Қазақстан парламентіне 10 жыл", "Астанаға 10 жыл", "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медальдерімен марапатталған.Жуырда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бекболат Тілеухан IІI дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0e/16032629_449:0:3180:2048_1920x0_80_0_0_1797534fd4787bf4dcc3888993c06c03.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бекболат тілеухан, мәжіліс депутаты
бекболат тілеухан, мәжіліс депутаты
Бекболат Тілеуханның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды
09:07 29.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Орталық сайлау комиссиясы Бекболат Тілеуханның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындағанын хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әріптестіне жаңа қызметте сәттілік тілеп, алғыс хат табыстады.
"Бекболат Қанайұлын баршаңыз жақсы білесіздер. Елімізге, халқымызға танымал тұлға. Бүгінде Бекболат Тілеуханды білмейтін қазақ жоқ десек, артық болмайды. Ол саясатта болсын, өнер саласында болсын, қоғамдық жұмыстарда болсын, үлкен үлес қосып келе жатқан абыройлы азаматтарымыздың бірі. Бірнеше шақырылымның мәжіліс депутаты болды. Халыққа қажетті заңдарды қабылдауға ықпал етті. Әсіресе әлеуметтік-мәдени даму жолында Бекболат Қанайұлының рөлі өте зор", - деді Нығматулин.
Экс-депутат Тілеухан Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының бірінші вице-президенті болып тағайындалды.
Бекболат Тілеуханның өмірбаяны
Бекболат Қанайұлы Тілеухан 1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Атасу кентінде туған. Әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996), Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дарын жастар сыйлығының иегері.
Білімі – жоғары, 1993 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын "концерт орындаушы" мамандығы бойынша, ал 1998 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетін "инженер-металлург" мамандығы бойынша бітірді.
1996 жылдан 2001 жылға дейін Қазақстан президенті оркестірінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарған.
2000 жылдардың басында еліміздің мәдениет саласында бірқатар лауазымды қызмет атқарды. 2002-2004 жылдар аралығында мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, мәдениет вице-министрі қызметін атқарды.
2004 жылдан бастап "Нұр Отан" партиясына мүше.
2016-2021 жылдары VІ шақырылымдағы мәжіліс депутаты болды. 2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін - VІІ шақырылған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты.
Бекболат Тілеухан бұған дейін мәжілістің ІІІ және ІV шақырылымында депутат болған.
1996 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" құрметті атағы берілді. "Парасат орденімен", "Қазақстан конститутциясына 10 жыл", "Қазақстан парламентіне 10 жыл", "Астанаға 10 жыл", "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медальдерімен марапатталған.
Жуырда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бекболат Тілеухан IІI дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.