Елорда тынысы

"Астана Опера" театрынан адамдарды шұғыл сыртқа шығарып жатыр – видео

© Sputnik / Владислав ВодневЛюдей экстренно эвакуировали из здания театра "Астана Опера"
Людей экстренно эвакуировали из здания театра Астана Опера - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2021
Жазылу
"Астана Опера" театрының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға адамдар шұғыл түрде эвакуацияланып жатқанын растады
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Куәгерлер елордадағы "Астана Опера" театрының ғимаратынан адамдарды эвакуациялап жатқанын хабарлады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Афишаға сәйкес, 29 желтоқсан сағат күндізгі он екіде театрда балаларға арналған "Щелкунчик" спектакль-балеті басталуға тиіс еді.
Адамдарды шұғыл сыртқа шығарып жатқаны туралы ақпаратты Sputnik Қазақстанға "Астана Опера" театры растады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 желтоқсан 11:45-те әкімшілікке қолдан жасалған жарылғыш зат болуы мүмкін деген хабар түсті.
Театр ұжымы мен көрермендер дереу ғимараттан шығарылды. Қазіргі таңда құқыққорғау органдарының қызметкерлері құрылғыны сараптамадан өткізіп жатыр, деп нақтылады "Астана Опера" театрындағылар.
"Біз балаларға арналған "Щелкунчик" балетіне келген едік. Қойылымның басталуына жарты сағат қалғанда ғимараттан шұғыл шығыңдар деп хабарлады. Бұл оқу-жаттығу емес екенін айтты. Мұнда көрермендердің барлығы дерлік – балалар мен әйелдер. Гардеробтан тез арада киімімізді алып, сыртқа шықтық. Балалармен далада тұрмыз", - деді Sputnik Қазақстанға куәгерлердің бірі.
Ата-аналардың айтуынша, эвакуацияланған балалар жақын маңдағы медицина орталығына жеткізілді.
Sputnik Қазақстан түсініктеме алу үшін елордалық полиция департаментіне хабарласты.
Жаңалықтар
0