Қоғам

Жұмыс іздеген жүздеген қазақстандыққа шетелден шақырту келді  

© Sputnik / Михаил Фомичев / Медиабанкке өтуПосетители ярмарки вакансий, архивное фото
Посетители ярмарки вакансий, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2021
Жазылу
"Шекарасыз жұмыс" порталына 242 мыңнан астам адам кірген, олардың 27,7 мыңы – қазақстандық
НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі бос жұмыс орындарына арналған "Шекарасыз жұмыс" порталына шілде айынан бері 242 мың адам кірген. Оның ішінде қазақстандықтар да аз емес, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, порталды жиі пайдаланатын жұмыс берушілер мен жұмыс іздейтін адамдардың саны 59,2 мыңға жеткен. Қазақстаннан 2,8 мың адам тұрақты түрде кіріп тұрады.
"Жалпы, осы жылдың 1 шілдесінде іске қосылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі бос жұмыс орындарын іздеудің "Шекарасыз жұмыс" порталына 242 мыңнан астам адам кірді, олардың 27,7 мыңы – қазақстандық", - делінген ресми хабарламада.
Қазақстан азаматтары Беларусь Республикасындағы бос орындарға 23 жауап, ал Ресей Федерациясындағы бос орындарға 362 жауап жіберген. Ал қазақстандық жұмыс берушілер ресейліктерден 53 пікір және беларустардан 2 пікір алған.
"Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жұмыс іздеуші азаматтары Ресей Федерациясынан әңгімелесуге 643 шақыру алды", - дейді министрлік мамандары.
Оқи отырыңыз: Жарты миллоннан астам қазақстандықтың жалақысы өседі
Айта кетері, "Шекарасыз жұмыс" порталы 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істейді. Бұл – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту саласындағы бос жұмыс орындары туралы іздеу жүйесі.
Жобада бес елдің (Армения, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей) жұмыс іздеудің қолданыстағы ұлттық жүйелері іске қосылған. Ішінде бірнеше қызмет бар. Олар:
  • жұмыс іздеуді немесе персоналды іріктеу;
  • ұлттық ақпараттық жүйелерге әмбебап іздестіру сұрауын қалыптастыру;
  • бос жұмыс орындары мен түйіндемелер бойынша ақпаратқа қол жеткізу;
  • жауап жіберу немесе әңгімелесуге шақыру мүмкіндігі талап етілетін бір немесе бірнеше мүше мемлекетті таңдау.
Жаңалықтар
0