Видео

Қытай тұрғыны қыстауға келген Сібір құстарын бағып отыр – видео

Жазылу
Қытайдың Шаньси провинциясына Сібірден бір топ аққу ұшып келді. Құстарға жергілікті орманшы бас-көз болып жүр
Мыңдаған сібір аққуы Юньчэн қаласының маңында Хуанхэ өзенінің жағасында қыстайды. Оларды Хэ Цзяньси есімді орманшы өзінің қамқорлығына алды.
Жергілікті тұрғындар оны "аққу әке" деп атайды, өйткені орманшы аққуларды күтіп-баптап, бағып, жүгері және қырыққабаттан әзірленген жеммен қоректендіреді.
Қауырсынды "саяхатшылар" әдетте мұнда қазан айының соңында келіп, наурыздың ортасына дейін болады. Бұл уақытта Қытайда күн жылы болады.
Әдемі ақ қанатты құстарды тамашалауға Қытайдың әр түкпірінен туристер келеді.
Оларды жергілікті табиғаттың пейзажы және аққулар тобы қызықтырады.
"Аққу әке" Хэ Цзяньси 65 жаста, оның 20 жылын осы аймақта жұмыс істеуге арнаған.
Сібірден келген құстардың Қытайда қалай қыстайтыны туралы видеоны тамашалаңыз.
Жаңалықтар
0