Қоғам

2022 жылы Қазақстан қандай заңдарды қабылдайды

© Sputnik / Владислав ВодневВице-министр экологии Ахметжан Примкулов
Вице-министр экологии Ахметжан Примкулов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2021
Жазылу
Бастапқыда парламентке 31 заң жобасын әзірлеу және енгізу қарастырылған. Алайда жоспар жобасы президент әкімшілігінің ескертулерімен пысықталды
НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Келесі жылы үкімет 26 заң жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Оның 16-сы президенттің тапсырмаларын орындауға бағытталған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әділет министрлігі Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен бірлесіп 2022 жылға арналған жоспар жобасын әзірледі.
Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, бастапқыда парламентке 31 заң жобасын әзірлеу және енгізу қарастырылған. Алайда жоспар жобасы президент әкімшілігінің ескертулерімен пысықталды.
"Атап айтқанда, заң жобаларын парламентке енгізу мерзімі қайта қаралды, сондай-ақ тұжырымдамалары тиісті талқылауды талап ететін бірқатар бастама алынып тасталды. Қалған бөлігінде жоспар жобасы өзгертілген жоқ. Осылайша пысықталған Жоспар жобасы 26 заң жобасын әзірлеуді көздейді", - деді министр үкімет отырысында.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында – жеті, екінші жартыжылдықта – он тоғыз заң жобасы қаралады.
Премьер-министр Асқар Мамин 26 заң жобасының 16-сы президенттің тапсырмаларын орындауға бағытталғанын атап өтті.
"Келесі жылы Әлеуметтік кодекс жобасы, жергілікті өзін-өзі басқару, кәсіптік біліктіліктер, агломерацияларды дамыту, жылу энергетикасын дамыту туралы және тағы бірқатар маңызды заң жобалары әзірленеді", - деді үкімет басшысы.
Мамин мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобаларын сапалы әзірлеп, үкімет пен парламентке уақытылы енгізілуін қатаң бақылауды тапсырды.
Жаңалықтар
0