Саясат

Назарбаев пен Путин Санкт-Петербургте кездесті

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуВладимир Путин встретился с Нурсултаном Назарбаевым в Санкт-Петербурге
Владимир Путин встретился с Нурсултаном Назарбаевым в Санкт-Петербурге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2021
Жазылу
Елбасы ТМД елдері мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Ресейге барған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі сейсенбіде Санкт-Петербургте басталды, деп хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.
© Ruptly . Facebook / @SputnikKZ Мемлекет басшыларының бейресми кездесуі
Неформальная встреча президентов СНГ  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Мемлекет басшыларының бейресми кездесуі
Назарбаев 27 желтоқсанда кешке ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербургке келді.
"Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің тет-а-тет форматындағы кездесуі басталды", - деп жазды Үкібай Twitter-де.
Ол келіссөз туралы толық ақпарат кейінірек Елбасының сайтында жарияланатынын айтты. 
Санкт-Петербургке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та барған болатын.
Кездесу барысында ТМД елдерінің көшбасшылары Достастық шеңберіндегі бірлескен жұмыс қорытындыларын, көпжақты өзара іс-қимылды дамыту және Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру перспективаларын талқылайды деп жоспарланған. Сондай-ақ, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де сөз болады.
​ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының бейресми саммиті бүгін, 28 желтоқсанда Санкт-Петербургте өтеді. Кремль сайтында бейресми кездесудің бастамашысы Ресей президенті Владимир Путин болғаны жазылған.
Жаңалықтар
0