https://sputnik.kz/20211228/infarktan-qalay-saqtanuga-bolady-18997407.html
Холестерин: инфарктан қалай сақтануға болады
Холестерин: инфарктан қалай сақтануға болады
Sputnik Қазақстан
Холестерин сөзі кейінгі кезде теріс мағынада жиі қолданылатын болды. Алайда ол адам үшін өте қажет зат – ағза оны қажет болған жағдайда синтездейді. Айта... 28.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-28T09:03+0500
2021-12-28T09:03+0500
2022-02-02T10:07+0500
денсаулық
инсульт
https://sputnik.kz/img/1302/54/13025480_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_5df3e78954387838f44d9ee5eaf0ebc8.jpg
АЛМАТЫ, 28 желтоқсан – Sputnik. Денсаулыққа қатысты мәселелер ағза өндірілген затты жою қабілетін жоғалтқан кезде басталады. Дәл сол уақытта қанда оның концентрациясы жоғарылайды, салдары да қиын болады.Бұл туралы Ресей денсаулық сақтау министрлігі кардиология ұлттық медициналық зерттеу орталығының маманы Игорь Сергиенко айтты."Холестерин адам бауырында синтезделеді. Жалпы холестерин деңгейінің үштен бірі тамақ арқылы келеді. Диета арқылы оның көп дегенде 15 процентін төмендетуге болады. Оның деңгейі біз ұстанатын және геномымызға сәйкес келмейтін өмір салтына байланысты жоғарылайды. Адам мамонттармен қатар өмір сүрген кезде орташа холестерин деңгейі литріне 1,3-тен 2,0 миллимольге дейін болды. Ал қазір, ресми мәлімет бойынша, Ресейде орташа көрсеткіш литріне 6,5 миллимоль", - деді ол. Оқи отырыңыз: Егер темекіні тастаса, ағзада не боладыОңтайлы көрсеткіш ретінде маман литріне 5 миллимольге дейін болуы қажет екенін айтты, ал қазіргі 6,5 миллимоль бұл нормадан асып кетеді, сондықтан дәрігермен кеңесу керек, деп жазды Sputnik радиосы.Әйтпесе, заттың бұл деңгейі атеросклерозды тудыруы мүмкін – қан тамырларын бітеп тастайды. Олардың ішкі ағзаға қажетті қан мөлшерін жеткізу қабілеті біртіндеп төмендейді. Мұнда жағдай екі бағытта өрбиді: егер бұл біртіндеп қалыптасатын болса, ішкі органдар нашарлай бастайды, ал егер тез қалыптасса (тромбоз пайда болған кезде), бұл көп жағдайда инфаркт, инсульт немесе гангренаға әкеледі.Оның айтуынша, холестериннің екі көрсеткіші бар: LDL немесе тығыздығы төмен липопротеид (ол "жаман" деп аталады) және тығыздығы жоғары липопротеид немесе HDL – "жақсы". Екі көрсеткішті де білу керек. Бірақ ерекше маңызды жайт бар: холестерин қалыпты болса да, бұл тамырда бәрі жақсы дегенді білдірмейді, дейді маман.Сондай-ақ басқа да қауіпті факторлар бар, мысалы, адам күніне екі қорап темекі тартатын болса, холестерин қалыпты болса да, атеросклероз қаупі жоғары.Қант диабеті бар науқастарда қан тамырларында түйіншек пайда болу қаупі бар. Бұл қатарға семіздікке шалдыққан адамдар да кіреді, деп түсіндірді маман.Мұндай жағдайда организмге холестерин аса қажет. Бұл табиғи май ыдырататын спирт, ол қажетті заттарды жасуша ішіне және сыртына тасымалдау процесіне қатысады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1302/54/13025480_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_301d53bb85f8c493116e46b2f14ce602.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инсульт
Холестерин: инфарктан қалай сақтануға болады
09:03 28.12.2021 (жаңартылды: 10:07 02.02.2022) Холестерин сөзі кейінгі кезде теріс мағынада жиі қолданылатын болды. Алайда ол адам үшін өте қажет зат – ағза оны қажет болған жағдайда синтездейді. Айта кетері, бұл процесс адамның қалай тамақтанатынына ғана байланысты емес
АЛМАТЫ, 28 желтоқсан – Sputnik. Денсаулыққа қатысты мәселелер ағза өндірілген затты жою қабілетін жоғалтқан кезде басталады. Дәл сол уақытта қанда оның концентрациясы жоғарылайды, салдары да қиын болады.
Бұл туралы Ресей денсаулық сақтау министрлігі кардиология ұлттық медициналық зерттеу орталығының маманы Игорь Сергиенко айтты.
"Холестерин адам бауырында синтезделеді. Жалпы холестерин деңгейінің үштен бірі тамақ арқылы келеді. Диета арқылы оның көп дегенде 15 процентін төмендетуге болады. Оның деңгейі біз ұстанатын және геномымызға сәйкес келмейтін өмір салтына байланысты жоғарылайды. Адам мамонттармен қатар өмір сүрген кезде орташа холестерин деңгейі литріне 1,3-тен 2,0 миллимольге дейін болды. Ал қазір, ресми мәлімет бойынша, Ресейде орташа көрсеткіш литріне 6,5 миллимоль", - деді ол.
Оңтайлы көрсеткіш ретінде маман литріне 5 миллимольге дейін болуы қажет екенін айтты, ал қазіргі 6,5 миллимоль бұл нормадан асып кетеді, сондықтан дәрігермен кеңесу керек, деп жазды
Sputnik радиосы.Әйтпесе, заттың бұл деңгейі атеросклерозды тудыруы мүмкін – қан тамырларын бітеп тастайды. Олардың ішкі ағзаға қажетті қан мөлшерін жеткізу қабілеті біртіндеп төмендейді. Мұнда жағдай екі бағытта өрбиді: егер бұл біртіндеп қалыптасатын болса, ішкі органдар нашарлай бастайды, ал егер тез қалыптасса (тромбоз пайда болған кезде), бұл көп жағдайда инфаркт, инсульт немесе гангренаға әкеледі.
"Биохимиялық қан анализін тапсыру қажет. Стандарт бойынша ол жерде "жалпы холестерин" көрсеткіші бар. Триглицеридтерді, "жаман" және "жақсы холестеринді" білу жеткілікті – бұл адамның липидтер алмасуының бұзылған-бұзылмағанын көрсетеді", - деді Игорь Сергиенко.
Оның айтуынша, холестериннің екі көрсеткіші бар: LDL немесе тығыздығы төмен липопротеид (ол "жаман" деп аталады) және тығыздығы жоғары липопротеид немесе HDL – "жақсы". Екі көрсеткішті де білу керек. Бірақ ерекше маңызды жайт бар: холестерин қалыпты болса да, бұл тамырда бәрі жақсы дегенді білдірмейді, дейді маман.
Сондай-ақ басқа да қауіпті факторлар бар, мысалы, адам күніне екі қорап темекі тартатын болса, холестерин қалыпты болса да, атеросклероз қаупі жоғары.
Қант диабеті бар науқастарда қан тамырларында түйіншек пайда болу қаупі бар. Бұл қатарға семіздікке шалдыққан адамдар да кіреді, деп түсіндірді маман.
Мұндай жағдайда организмге холестерин аса қажет. Бұл табиғи май ыдырататын спирт, ол қажетті заттарды жасуша ішіне және сыртына тасымалдау процесіне қатысады.