Қоғам

Астролог әр зодиак белгісіне Жаңа жылға не сыйлауға болатынын айтты

© Photo : pixabay/SoledadsnpПодарки
Подарки - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2021
Жазылу
Спортзалға абонемент, төсек-орын жабдығы, түрлі сертификат пен әшекей... Мұндай сыйлықтарға кез келген адам қуанатыны сөзсіз. Бірақ кімге қайсысын беру керектігін білген жөн
АЛМАТЫ, 28 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жылға дейін санаулы күн қалды. Демек, достар мен туыстарға сыйлық сатып алатын уақыт тығыз. Батыс және ведалық астрология бойынша сарапшы, нумеролог және таролог Екатерина Морозова РИА Новостиге әр зодиак белгісіне арналған сыйлықты қалай таңдауға болатынын айтты.
Тоқтылар оларды даралығы мен сыртқы келбетін ерекшелейтін барлық дүниеге қуанады. Тоқтыларға спортзалға абонемент, әсер сыйлайтын жерге сертификат, автокөлікке арналған гаджет, ыңғайлы әрі әдемі киім беруге болады. Ал интерьерлік сыйлық ертінде металдан жасалған затты таңдау қажет. Тоқтының белгісі – от, соған байланысты отшашу немесе оттық сыйлауға болады.
Торпақ қолдануға болатын заттарды ұнатады. Сондықтан сыйлық сапалы, қымбат және ең бастысы әдемі болуы керек. Үйге жайлылық беретін заттар да сыйлауға болады. Мысалы, мүсін немесе жұмыс үстеліне қоюға болатын аксессуар, жамылғы немесе төсек-орын жабдығын таңдау қажет. Сондай-ақ, ақшаға қатысты заттар да керемет сыйлық болады, мысалы былғары әмиян, ақша жинағыш немесе лоторея билеті. Торпақтарға жақсы шарап тарут етуге немесе мейрамханаға апаруға болады.
Егіздер пайдалы сыйлық алса, бақытқа бөленеді. Бұл белгідегі адамдарға смартфон, кітап, оқыту курстарына сертификат, мастер-класқа сертификат, концертке билет, зияткерлік үстел ойындарын сыйлаған жөн. Егіздер бренд заттарға да қызығады, қолғап немесе қызық аксессуар ретінде білезік беруге болады. Қойындәптер, қаламсап та таптырмас сый. Ал тым белсенді адамға ролик, самокат немесе саяхатқа жолдама беруге болады.
Шаяндар да Торпақтар сияқты кәдеге жарайтын заттарды жақсы көреді. Алайда бұл белгі өкілдері үшін эмоцияның да орны бөлек. Сезімтал адамдар сурет, шам, фотосурет секілді үйге жылу сыйлайтын заттарға қарап, үнемі сізді еске алады. Бұл тізімге фотосессияны да қосуға болады. Шаяндар үйде отырғанды ұнатады. Сондықтан уақытты жақсы өткізуі үшін үстел ойындары мен қолөнер бұйымдарын жасауға арналған заттарды да сыйлық тізіміне енгізген дұрыс. Ер адамдарға балық аулауға арналған заттар жақсы сый болмақ. Шаяндарды романтика сүйгіш деп те атайды, сондықтан дәмді шай, тарихи жерлерге экскурсия немесе массажға сертификатты қуана қабылдайды.
Арыстан барлық жерде үнемі жарқырап жүруі керек. Сондықтан оларға сәнді дүниені сыйлаған жөн – аксессуар мен әшекей, сағат, әтір, сыйлық картасы мен сертификаттар. Сондай-ақ, белгі иесінің хоббиіне қатысты заттарды сыйлауға болады. Бастысы, сыйлық көшірме емес, түпнұсқа болуы шарт.
Бикештерге күнделікті қолдануға болатын заттар сыйлау қажет. Мысалы, кәсіби қызметіне қажет құралдар, қойындәптер немесе төсек-орын жабдығын таңдаған жөн. Бикештер өсімдік пен жануарды да жақсы көреді. Оларға үй гүлін немесе үй жануарына қажет заттар сыйлай аласыз.
Таразы өмірге сән беріп, қуанышты эмоция сыйлайтын заттарды бағалайды. Бұл белгі өкіліне қандай да бір әлемдік жұлдыздың концертіне билет немесе қызық шараға шақыру қуаныш сыйлайды. Үйге арналған заттар ішінде жібек матадан тігілген төсек-орын жабдығы мен кестелі орамал сыйлауға болады. Сондай-ақ керемет алқа мен жағымды хош иіс ешкімді бей-жай қалдырмайды. Сыйлықты әдемілеп орауды да ұмытпаңыз.
Сарышаяндардың көңілінен шығу мүмкін емес. Бұл белгі өкілдері қалыпты заттарды ұнатпайды. Сыйлық неғұрлым жұмбақ болса, соғұрлым жақсы. Астролог тарологпен кеңесу, тұмар мен амулет, психологиялық тапсырма, парашютпен секіру сертификаты және шеге үстінде тұру курсына Сарышаяндар алғыс айтады. Биіктен қорқатындар үшін қолшатыр немесе екі түс араласқан мойынорағыш таңдау керек. Бұл белгінің табиғатын да ескеру керек, оларға іш киімнен бастап сыйлауға болады.
Мерген – білімқұмар белгі өкілі. Олар көп дүниеге қызығады, бірақ оларды бәрінен бұрын экзотика қызықтырады. Белгісі – от, сондықтан олар үшін саяхат, спортқа арналған заттар, квест ойындары, тренинг пен семинарлар сыйлауға болады. Мергендер тарихқа қатысы бар заттарды да бағалайды.
Тауешкі өте талапшыл келеді. Олар тыныштық пен оңаша қалуды бағалайды, ойлануға бейім. Оларға көп жағдайда "интеллектуалды" сыйлық ұнайды: күнделік-планер, гаджет, логикалық ойындар, біліктілікті арттыру курстары, тауға сауықтыру сапары, антиквариат. Тауешкі көп жағдайда бір зат жинап жүреді, мұндай жағдайда оның хоббиіне назар аудару қажет.
Суқұйғышты үнемі қандай да бір жаңашылдық шабыттандырады. Оларды жаңадан шыққан бестселлер, жаңадан шыққан гаджет немесе трендтегі өзге де заттар қуантады. Суқұйғыш үшін кето тағамдар рецепті бар кітап, эксперименталды музыкасы бар дискі, авторлық әтір немесе "сиқырлы" шам іздеңіз. Әуе шарында серуен немесе квадроциклмен жүру секілді сый оларды таңғалдырады.
Балықтар жұлдызды аспан картасы немесе Таро картасы сияқты эстетикалық және мистикалық сыйлықтарды бағалайды. Сондай-ақ, олар шам, сүйікті музыкасы бар диск алуға, табиғатқа, СПА-ға баруға, бассейнде жүзуге, массажда демалуға немесе психологпен сөйлесуге болатын мүмкіндікті қуана қабыл алады. Алайда көңілді кеш туралы да ұмытпау керек. Балықтарға шығармашылық шеберлік сабағына немесе концертке бару қуаныш сыйлайды.
Жаңалықтар
0