Денсаулық

2022 жылы 9,2 млн тұрғын ревакцинациядан өтеді – денсаулық министрлігі

© AFP 2022 / CHRISTOF STACHEШприцы с вакциной от коронавируса
Шприцы с вакциной от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша коронавирусқа қарсы вакцина салу шарасы тиімділігін көрсетті
НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. 2022 жылы 9,2 миллион адам ревакцинациядан өтуге тиіс. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"2022 жылы ревакцинация 9,2 миллион адамға жасалады, бүгінде 400 мыңнан астам адам өтіп үлгерді. Ревакцинация жасау үшін қосымша вакцина сатып алу туралы шешім қабылданады", - деді Бүркітбаев үкімет отырысында.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша коронавирусқа қарсы вакцина салу шарасы тиімділігін көрсетті.
"Сонымен қатар, бірқатар шетелдік зерттеу нәтижесіне сүйенсек, екпе алған адамдарда инфекциядан қорғау алты айдан кейін орта есеппен 1,8 есе төмендейді. Қазіргі уақытта тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау өте маңызды. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдар халыққа вакцинация жүргізуді күшейту керек, жаппай ревакцинация жүргізуді тездету қажет", - деді ол.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0