https://sputnik.kz/20211227/zhana-zhyl-balalar-oyynshyq-18989560.html
Жаңа жылда балаларға қандай ойыншық алуға болмайды – дәрігер кеңес берді
Жаңа жылда балаларға қандай ойыншық алуға болмайды – дәрігер кеңес берді
Sputnik Қазақстан
Магнитті конструкторлардың бөлшектері өңешке түскесін бір-біріне жабысып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін 27.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-27T10:00+0500
2021-12-27T10:00+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
дәрігер
пайдалы кеңес
ойыншықтар
https://sputnik.kz/img/1208/05/12080536_0:310:3072:2048_1920x0_80_0_0_38e5c14bfd39cc859fde41a975d43640.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Ресейлік дәрігер Андрей Тяжельников балаға қандай сыйлық алуға болмайтынын айтты. Сондай-ақ сапалы ойыншықты таңдауға қатысты кеңес берді. Оның айтуынша, балаларға арналған магнитті конструкторлар қауіпті. Себебі ондай ойыншықтардың бөлшегін жұтып қою оқиғалары аз емес. Балалар кішкене шарларды да аузына жиі салады. Осы орайда дәрігер резеңке, пластмасса және жұмсақ ойыншықтардың сапасын мұқият тексеруге кеңес берді. Өйткені құрамында күшала, қорғасын немесе сынап қоспалары болуы әбден мүмкін."Ойыншықтың сапасыз екенін өткір химиялық иісінен білуге болады. Ал тауардың қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін сатушыдан арнайы куәлікті талап ету керек. Ойыншықты туыстарыңыз сыйласа, оны қай жерден сатып алғанын сұраңыз", - дейді Тяжельников.Бұдан бөлек, жиынтықпен сатылатын ойыншықтарды да абайлап пайдалану қажет. Оның құрамындағы заттар қауіпсіз болса да, нұсқаулық бойынша пайдаланбаса, зиян тигізуі ықтимал."Балалар ұшатын және ататын ойыншықтарды жиі сұрайды. Бірақ ондай тауарлар жарақат салуы мүмкін. Иә, баланы дамытатын ойындар да жақсы. Бірақ оны баламен бірге ойнаған дұрыс. Ал мүмкіндік болмаса, ондай сыйлықты бала өскенше кейінге қалдырған жөн", - дейді дәрігер.Ойыншық қауіп төндіреді деген күдік болса, ата-ана баламен бірге ойнауы керек.Оқи отырыңыз: Қазақстанда балалар үшін аса қауіпті ойыншықтар табылды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1208/05/12080536_0:118:3072:2048_1920x0_80_0_0_faa95060cc7dc9e35e78a103e7b75b4b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер, пайдалы кеңес, ойыншықтар
дәрігер, пайдалы кеңес, ойыншықтар
Жаңа жылда балаларға қандай ойыншық алуға болмайды – дәрігер кеңес берді
10:00 27.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Магнитті конструкторлардың бөлшектері өңешке түскесін бір-біріне жабысып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Ресейлік дәрігер Андрей Тяжельников балаға қандай сыйлық алуға болмайтынын айтты. Сондай-ақ сапалы ойыншықты таңдауға қатысты кеңес берді.
Оның айтуынша, балаларға арналған магнитті конструкторлар қауіпті. Себебі ондай ойыншықтардың бөлшегін жұтып қою оқиғалары аз емес. Балалар кішкене шарларды да аузына жиі салады.
"Мысалы, магнитті конструкторлардың бөлшектері өңешке түскесін бір-біріне жабысып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Жалпы, магнитті конструкторлар ғана емес, шағын және өткір бөлшектерден тұратын ойыншықтардың бәрі қауіпті. Кішкентай балалар бәрін аузына салады. Сондықтан ойыншықты таңдағанда осыны ескеру керек", - деді Тяжельников РИА Новости порталына берген сұхбатында.
Осы орайда дәрігер резеңке, пластмасса және жұмсақ ойыншықтардың сапасын мұқият тексеруге кеңес берді. Өйткені құрамында күшала, қорғасын немесе сынап қоспалары болуы әбден мүмкін.
"Ойыншықтың сапасыз екенін өткір химиялық иісінен білуге болады. Ал тауардың қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін сатушыдан арнайы куәлікті талап ету керек. Ойыншықты туыстарыңыз сыйласа, оны қай жерден сатып алғанын сұраңыз", - дейді Тяжельников.
Бұдан бөлек, жиынтықпен сатылатын ойыншықтарды да абайлап пайдалану қажет. Оның құрамындағы заттар қауіпсіз болса да, нұсқаулық бойынша пайдаланбаса, зиян тигізуі ықтимал.
"Балалар ұшатын және ататын ойыншықтарды жиі сұрайды. Бірақ ондай тауарлар жарақат салуы мүмкін. Иә, баланы дамытатын ойындар да жақсы. Бірақ оны баламен бірге ойнаған дұрыс. Ал мүмкіндік болмаса, ондай сыйлықты бала өскенше кейінге қалдырған жөн", - дейді дәрігер.
Ойыншық қауіп төндіреді деген күдік болса, ата-ана баламен бірге ойнауы керек.