Саясат

Тоқаевқа өзге мемлекет басшылары қандай ерекше тарту жасады – видео

© Photo : Facebook / Берік УәлиГурбангулы Бердымухамедов подарил Касым-Жомарту Токаеву ахалтекинскую лошадь
Гурбангулы Бердымухамедов подарил Касым-Жомарту Токаеву ахалтекинскую лошадь - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2021
Жазылу
Елге басшылық еткен үш жыл ішінде Тоқаевқа түрлі жоғары лауазымды тұлғалар 115 сыйлық берген. Қазір олардың бәрі Ақордада тұр
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысына тарту етілген ерекше сыйлықтар туралы айтып берді.
Уәли "Еуразия" телеарнасының тілшісін Ақордаға шақырып, кейбір сыйлықтарды көрсетті.
Елге басшылық еткен үш жыл ішінде Тоқаевқа түрлі жоғары лауазымды тұлғалар 115 сыйлық берген. Қазір олардың бәрі Ақордада тұр, алайда алдағы уақытта музейге қойылады.
Биыл қыркүйекте Қазақстанға келген Башқұртстан президенті Радий Хабиров мемлекет басшысына   "Сұңқар" панносын сыйлады.
Беларусь президенті Александр Лукашенко былтыр жазда Тоқаевқа 3D форматында жасалған "Алтын адам" картинасын тарту етті.
Президенттің мұрағатында Оңтүстік Корея билігі сыйлаған картина да бар. Белгілі генерал Хон Бом До бейнеленген.
Моңғолия президенті Тоқаевқа орамал мен жылы кашемир күртешесін, ал Қырғызстанның премьер-министрі "Керуен" деп аталатын мүсінді тапсырды.
Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды ахалтеке арғымағы мен тазы сыйлады.
Қазір жылқы ат спорт кешенінде ұсталады, оған арнайы күтім жасалады.
"Сыйлық алған кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке жылқының жай-күйін өзі бақылап, тексеріп отыратынына уәде берді", - деді Берік Уәли.
Тағы бір ерекше сыйлық – микроавтобусты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев табыстады. Қазір машина шетелдік қонақтарды тасымалдау үшін қолданылады.
Уәли Тоқаевтың өзі біреуге галстук пен сағат сыйлағанды ұнататынын айтты.
Жаңалықтар
0