https://sputnik.kz/20211227/sport-elorda-video-18992830.html
Қолжетімді спорт: елордада скандинавиялық жүгірістен фестиваль өтті – видео
Қолжетімді спорт: елордада скандинавиялық жүгірістен фестиваль өтті – видео
Sputnik Қазақстан
Бүгін елордадағы шаңғыроллер тас жолында "Қолжетімді спорт" жобасының бірінші маусымы скандинавиялық жүріс фестивалімен жабылды 27.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-27T17:01+0500
2021-12-27T17:01+0500
2022-02-02T10:07+0500
видео
мультимедиа
елорда
спорт
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1b/18992686_97:0:938:475_1920x0_80_0_0_4490b39b15291ffe35bf1aa3639f1bba.png
Қазан, қараша және желтоқсан аралығында елорда тұрғындарына тегін жаттығу үшін спорттың 11 түрі ұсынылды. Жобаға жоғары санатты жаттықтырушылар, спорт шеберлері, білікті нұсқаушылар қатысты."Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен "Қолжетімді спорт" жобасы қолға алынған болатын. Қазан, қараша, желтоқсан айларында Нұр-Сұлтан қаласының барлық саябақтарында, сонымен қатар қысқы уақытта қаланың 40 аумағында 5000-нан астам адам "Қолжетімді спорт" жобасы аясында спорттың 11 түрімен айналысты. Бүгінгі скандинавиялық жүгіріске 200-ге жуық жас және ардагер спортшы қатысып жатыр", - деді қаладық спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.Сабақтар қазан айы бойы елорданың саябақтары мен алаңдарында жүргізіліп, күн суыта бастаған соң барлық сабақтар елорданың жаттығу орталықтарына ауыстырылды. Кез келген қала тұрғыны аптасына 3 рет жаттыға алуға мүмкіндік алды. Жаттығулар аула клубтарында, спорт орталықтарында және спорт сарайларында, соның ішінде "QAZAQSTAN" жеңіл атлетика аренасында, "Тәуелсіздік" сарайында және «Алау» мұз айдынында өтті.Жоба елорда тұрғындары арасында танымал болды. Жобаға 3 айда 20 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Аталған жоба 2022 жылы да өз жұмысын жалғастырады деп жоспарланып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1b/18992686_140:0:895:475_1920x0_80_0_0_7f86d14060b1825bdb4731f1234771cd.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мультимедиа, елорда
Қолжетімді спорт: елордада скандинавиялық жүгірістен фестиваль өтті – видео
17:01 27.12.2021 (жаңартылды: 10:07 02.02.2022) Бүгін елордадағы шаңғыроллер тас жолында "Қолжетімді спорт" жобасының бірінші маусымы скандинавиялық жүріс фестивалімен жабылды
Қазан, қараша және желтоқсан аралығында елорда тұрғындарына тегін жаттығу үшін спорттың 11 түрі ұсынылды. Жобаға жоғары санатты жаттықтырушылар, спорт шеберлері, білікті нұсқаушылар қатысты.
"Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен "Қолжетімді спорт" жобасы қолға алынған болатын. Қазан, қараша, желтоқсан айларында Нұр-Сұлтан қаласының барлық саябақтарында, сонымен қатар қысқы уақытта қаланың 40 аумағында 5000-нан астам адам "Қолжетімді спорт" жобасы аясында спорттың 11 түрімен айналысты. Бүгінгі скандинавиялық жүгіріске 200-ге жуық жас және ардагер спортшы қатысып жатыр", - деді қаладық спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.
Сабақтар қазан айы бойы елорданың саябақтары мен алаңдарында жүргізіліп, күн суыта бастаған соң барлық сабақтар елорданың жаттығу орталықтарына ауыстырылды. Кез келген қала тұрғыны аптасына 3 рет жаттыға алуға мүмкіндік алды. Жаттығулар аула клубтарында, спорт орталықтарында және спорт сарайларында, соның ішінде "QAZAQSTAN" жеңіл атлетика аренасында, "Тәуелсіздік" сарайында және «Алау» мұз айдынында өтті.
Жоба елорда тұрғындары арасында танымал болды. Жобаға 3 айда 20 мыңнан астам тұрғын қамтылды.
Аталған жоба 2022 жылы да өз жұмысын жалғастырады деп жоспарланып отыр.