Оқиға

Қостанай облысында ер адам қасқырды балталап өлтірді – оқиғаның мән-жайы

© Photo : СС0 / Mila KusmenkoВолки
Волки - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2021
Жазылу
Маусым айында Ұзынағаш ауылына кірген қасқыр 19 жастағы жігіт пен 50 жастағы әйелге тап берген болатын. Әйел ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Қостанай облысында қасқыр ер адамға тап берді. Көмекке жүгіріп келген көршісі қасқырды балталап өлтірді, деп хабарлайды Qostanai.media порталы. 
Бұл оқиға 24 желтоқсан күні Наурызым ауданында болған. Аудан орталығынан 35 шақырым шалғай жердегі Қармайша ауылында қасқыр жеке меншік үйдің ауласына кіріп кеткен. Сол кезде далаға 40 жастағы үй иесі шықты. Аң ер адамға тап берген.
Ауылдың тағы бір тұрғыны айқай-шуды естіп, көмекке жүгірді. Үйінен балта да алып шықты. Оқиға орнына барып, қасқырды балталап өлтірген.
Жарақат алған ер адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал қасқырдың өлексесі облыс орталығына сараптамаға жіберілді.
Айта кетері, маусым айында Ұзынағаш ауылына кірген қасқыр 19 жастағы жігіт пен 50 жастағы әйелге тап берген. Әйел айырмен жыртқышты тоқтатқысы келді. Бірақ ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды.
Жаңалықтар
0