Қоғам

Қарағанды облысында кәсіпкерлікпен айналысқан лауазымды тұлғалар жазаланды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қарағанды қаласының соты лауазымды тұлғаларды кінәлі деп танып, әрқайсысына 400 мың теңгеден астам айыппұл салды
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарағанды облысында заңнамалық тыйымға қарамастан кәсіпкерлік қызметпен айналысқан лауазымды тұлғаларды анықтады.
Ведомство ақпаратынша, "Рухани жаңғыру" өңірлік жобалық кеңсесі басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұза отырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
"Оның атына тіркелген жеке кәсіпкерлік Теміртаудың Мәдениет сарайына "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Жауыртаудағы кездесу" фестивалін өткізу бойынша 3,9 миллион теңгеге қызмет көрсеткен", - делінген хабарламада.
Осыған ұқсас факті Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданында тіркелді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы ЖК арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кең тұтынылатын азық-түлік емес тауарларды жеткізіп келген.
Оқи отырыңыз: Адамдар шенеуніктерге параны саналы түрде береді – Ахметжанов
Қарағанды қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен лауазымды тұлғалар Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 154-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 408 380 теңге айыппұл салынды.
Айта кетері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жыл басынан бері әкімшілік құқықбұзушылық туралы 109 іс қозғап, 31,2 миллион теңге айыппұл салды. 100 жеке және 2 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтар
0