https://sputnik.kz/20211227/petropavl-jumys-er-adam-18993160.html
Петропавлда жұмысқа шыққан ер адам қатты күйіп қалды
Петропавлда жұмысқа шыққан ер адам қатты күйіп қалды
Sputnik Қазақстан
Көпсалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігері 27 жастағы ер адамның жағдайы ауыр екенін айтты. Беті, мойны, қолы, саны, белі және аяғы күйген 27.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-27T15:31+0500
2021-12-27T15:31+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748099_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_63387d25cc6438beadf8472da9c5d733.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Петропавл қаласында жылу электр орталығында апатты жағдай болды. Қазандықтың жанында жүрген жұмысшы қатты күйіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Севказэнерго" компаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 24 желтоқсан күні сағат 11:30-да Петропавл ЖЭС-2-де №3 қазанагрегатты іске қосу кезінде су жіберетін құбыр жарылды. Соның салдыран мердігер компаниясының жұмыскері жарақат алды.Көпсалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігері Жанна Маутованың айтуынша, 27 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Беті, мойны, қолы, саны, белі және аяғы күйіп қалған."Пациент жұмыс орнында будан күйіп қалған. Денесінің 40 процентін күйік шалды. Ауруханаға түскенде оны травматолог, терапевт пен анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер қарап шықты. Бірден жансақтау бөліміне жатқызды", - дейді Маутова.Пациент әлі күнге дейін жансақтау бөлімінде жатыр. Есін жиып, өздігімен деп алуда. Адаммен сөйлесе алады.Апат салдарыЖЭС-та болған апаттан кейін жылу азайды. Петропавл тұрғындары үй температурасы салқындап кеткенін айтады."Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметі 25 желтоқсанда Петропавл қаласының жылу электр орталығында екі бірдей қазанагрегаттың істен шыққанын хабарлады. Себебі қондырғылардың басым бөлігі қатты ескіріп қалған."Осыған байланысты қала тұрғындары бүгін үйдің ішінде жылу температурасының төмендегенін сезуі мүмкін. Қазіргі кезде станция қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың мамандары техникалық ақауды жою үшін қолдан келгенін істеп жатыр. "Севказэнерго" АҚ басшылығы мен ұжымы осы жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды", - делінген ресми хабарламада.Ал облыстық әкімдік 27 желтоқсан күні таңертең 12 қазандықтың алтауы жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді. Бір қазандықта қайта жаңғырту жұмыстары атқарылып жатыр. Үшеуін жөндеу шаралары аяқталған жоқ. Екеуі резервте тұр. Оларды бүгін түстен кейін қосуы керек.Айта кетері, 1 қарашада қаланың жылу электр орталығында 12 қазанагрегаттың үшеуі тоқтап қалған. Соның салдарынан электр энергияны үнемдеп беруге тура келді. Сол кезде жеті ауданның 145 елді мекенінде уақытша шектеулер енгізілген болатын. Ал Петропавл қаласында 12 мың абонент пен 250 нысанда энергия болмады. Энергетиктердің айтуынша, ЖЭС-тың резервтері таусылуға жақын.Петропавл ЖЭС-2 1961 жылы салынған болатын. Нысанның энергия қуаты 541 мегаватт, ал жылу көлемі сағатына 713 Гкалды құрайды. Қондырғылардың бір бөлігі жаңғыртудан өтсе де, бұрыннан бері істеп жатқан агрегаттар бар. Негізгі қондырғылар 75-80 процентке тозған. Соған қарамастан, Петропавл қаласында жаңа құрылыс нысандары салынып жатыр. Болашақта энергия тапшылығы болуы әбден мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748099_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_c977060f657357e3c337c7b8ec60e015.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Петропавлда жұмысқа шыққан ер адам қатты күйіп қалды
15:31 27.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Көпсалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігері 27 жастағы ер адамның жағдайы ауыр екенін айтты. Беті, мойны, қолы, саны, белі және аяғы күйген
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Петропавл қаласында жылу электр орталығында апатты жағдай болды. Қазандықтың жанында жүрген жұмысшы қатты күйіп қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Севказэнерго" компаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 24 желтоқсан күні сағат 11:30-да Петропавл ЖЭС-2-де №3 қазанагрегатты іске қосу кезінде су жіберетін құбыр жарылды. Соның салдыран мердігер компаниясының жұмыскері жарақат алды.
"Зардап шеккен ер адам алғашқы көмектен кейін ауруханаға жатқызылды. Апаттың нақты себебін арнайы комиссия анықтайды. Оны Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдіктің мемлекеттік еңбек инспекциясы жасақтайды ", - дейді компания қызметкерлері.
Көпсалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігері Жанна Маутованың айтуынша, 27 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Беті, мойны, қолы, саны, белі және аяғы күйіп қалған.
"Пациент жұмыс орнында будан күйіп қалған. Денесінің 40 процентін күйік шалды. Ауруханаға түскенде оны травматолог, терапевт пен анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер қарап шықты. Бірден жансақтау бөліміне жатқызды", - дейді Маутова.
Пациент әлі күнге дейін жансақтау бөлімінде жатыр. Есін жиып, өздігімен деп алуда. Адаммен сөйлесе алады.
ЖЭС-та болған апаттан кейін жылу азайды. Петропавл тұрғындары үй температурасы салқындап кеткенін айтады.
"Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметі 25 желтоқсанда Петропавл қаласының жылу электр орталығында екі бірдей қазанагрегаттың істен шыққанын хабарлады. Себебі қондырғылардың басым бөлігі қатты ескіріп қалған.
"Осыған байланысты қала тұрғындары бүгін үйдің ішінде жылу температурасының төмендегенін сезуі мүмкін. Қазіргі кезде станция қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың мамандары техникалық ақауды жою үшін қолдан келгенін істеп жатыр. "Севказэнерго" АҚ басшылығы мен ұжымы осы жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды", - делінген ресми хабарламада.
Ал облыстық әкімдік 27 желтоқсан күні таңертең 12 қазандықтың алтауы жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді. Бір қазандықта қайта жаңғырту жұмыстары атқарылып жатыр. Үшеуін жөндеу шаралары аяқталған жоқ. Екеуі резервте тұр. Оларды бүгін түстен кейін қосуы керек.
Айта кетері, 1 қарашада қаланың жылу электр орталығында 12 қазанагрегаттың үшеуі тоқтап қалған. Соның салдарынан электр энергияны үнемдеп беруге тура келді. Сол кезде жеті ауданның 145 елді мекенінде уақытша шектеулер енгізілген болатын. Ал Петропавл қаласында 12 мың абонент пен 250 нысанда энергия болмады. Энергетиктердің айтуынша, ЖЭС-тың резервтері таусылуға жақын.
Петропавл ЖЭС-2 1961 жылы салынған болатын. Нысанның энергия қуаты 541 мегаватт, ал жылу көлемі сағатына 713 Гкалды құрайды. Қондырғылардың бір бөлігі жаңғыртудан өтсе де, бұрыннан бері істеп жатқан агрегаттар бар. Негізгі қондырғылар 75-80 процентке тозған. Соған қарамастан, Петропавл қаласында жаңа құрылыс нысандары салынып жатыр. Болашақта энергия тапшылығы болуы әбден мүмкін.