https://sputnik.kz/20211227/pavlodar-telefon-tikeley-efir-18989400.html
Павлодар әкімі түнде телефон арқылы 2 сағат бойы тікелей эфир өткізді
Павлодар әкімі түнде телефон арқылы 2 сағат бойы тікелей эфир өткізді
Sputnik Қазақстан
Асаин Байханов түн мезгілінде қалада серуендеп, тікелей эфир арқылы павлодарлықтардың сұрақтарына жауап беруді әдетке айналдырған 27.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-27T09:43+0500
2021-12-27T09:43+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
павлодар
әкім
телефон
тікелей эфир
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0f/18426206_0:140:3145:1909_1920x0_80_0_0_43829eae040d8165f517f26be04e4bed.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан — Sputnik. Павлодар әкімі Асаин Байханов қала көшелерін аралау кезінде тікелей эфирге шығып, тұрғындармен сұхбаты түн ауғанша, екі сағатқа созылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Асаин Байханов облыс әкімінің орынбасары қызметінде болған шақта маса және шыбын-шіркеймен күрес жүргізу кезінде де осы секілді түнгі эфир жүргізетін. Ол тікелей эфирге шығуды қала басшысы қызметінде де жалғастырып жатыр.27 желтоқсанға қараған түндегі серуен кезінде Асаин Байханов қаланың тыныс-тіршілігімен, жолдарды қардан тазалау қалай жүріп жатқанымен танысты.Ол жабық тұрған дүкен, қазылған және бос жатқан аумақ сынды бірқатар өзекті мәселе бойынша кемшіліктерді атап өтті. Сондай-ақ әкім серуенін бақылап отырған 200-ге жуық қала тұрғынының сұрағына жауап берді.Негізінен, Павлодарға келген зооцирктегі жануарлардың күтіміне қатысты проблема көтерілді.Асаин Байханов дүйсенбіде цирк иелерін әкімдікке шақырып, жануарлардың күтімін ретке келтіруді талап ететінін жеткізді.Сонымен қатар баспана кезегі сөз болып, жолаушыларға арналған қоғамдық көліктің жұмысына, қаланы су және жарықпен қамтамасыз етуге, балаларға арналған сырғанайтын орындардағы қымбат баға мен жеке сектордағы қарды тазалау жұмыстарына шағым түсті.Кейбір қала тұрғындары әкімнің қай жолмен жүретінін біліп алып, оған жолда кезігіп, өз проблемасының шешімін табуға тырысты. Мысалы, кәсіпкер жеке меншік үйде дүкен ашуға көмектесуді сұрады. Өзге тұрғын жеке басына қатысты сұрақ қойса, қала әкімі дүйсенбінің таңынан бастап сол мәселені шешуге уәде етті.Тікелей эфирді көріп отырғандар Асаин Байхановтың жеке өміріне қатысты сұрақтар да қойды. Мысалы, әкім Жаңа жыл мейрамын қалай қарсы алады деп сұрады. Байханов әдетте бұл мерекені табиғат аясында өткізетінін айтып, бұл жолы нақты шешім қабылдамағанын жеткізді.Жағымсыз пікір білдіргендер де болды. Олардың бірі серуендегі қала басшысының артында джип көлігі келе жатқанын айтса, енді бірі жанында күзетшілері еріп келе жатыр деген жорамал жасады. Бірақ Асаин Байханов бұл күдікті сейілтіп, қалада жалғыз келе жатқанын дәлелдеу үшін қаланың бос көшесін айналдыра көрсетіп шықты.Қала басшысының павлодарлықтармен онлайн-сұхбаты телефон қуаты таусылғанда түнгі 12-де аяқталды.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0f/18426206_207:0:2938:2048_1920x0_80_0_0_0e4819837559692141fcd9ee19ae5d07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, әкім, телефон, тікелей эфир
павлодар, әкім, телефон, тікелей эфир
Павлодар әкімі түнде телефон арқылы 2 сағат бойы тікелей эфир өткізді
09:43 27.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Асаин Байханов түн мезгілінде қалада серуендеп, тікелей эфир арқылы павлодарлықтардың сұрақтарына жауап беруді әдетке айналдырған
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан — Sputnik. Павлодар әкімі Асаин Байханов қала көшелерін аралау кезінде тікелей эфирге шығып, тұрғындармен сұхбаты түн ауғанша, екі сағатқа созылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Асаин Байханов облыс әкімінің орынбасары қызметінде болған шақта маса және шыбын-шіркеймен күрес жүргізу кезінде де осы секілді түнгі эфир жүргізетін. Ол тікелей эфирге шығуды қала басшысы қызметінде де жалғастырып жатыр.
27 желтоқсанға қараған түндегі серуен кезінде Асаин Байханов қаланың тыныс-тіршілігімен, жолдарды қардан тазалау қалай жүріп жатқанымен танысты.
Ол жабық тұрған дүкен, қазылған және бос жатқан аумақ сынды бірқатар өзекті мәселе бойынша кемшіліктерді атап өтті. Сондай-ақ әкім серуенін бақылап отырған 200-ге жуық қала тұрғынының сұрағына жауап берді.
Негізінен, Павлодарға келген зооцирктегі жануарлардың күтіміне қатысты проблема көтерілді.
Асаин Байханов дүйсенбіде цирк иелерін әкімдікке шақырып, жануарлардың күтімін ретке келтіруді талап ететінін жеткізді.
"Әкімдік оларға қажетті ғимарат ұсына алмайды. Себебі қалада да, облыста да хайуанаттар бағы немесе жануарлар фермасы жоқ. Алайда бұл мәселенің шешімін табу керек", - деді Павлодар әкімі.
Сонымен қатар баспана кезегі сөз болып, жолаушыларға арналған қоғамдық көліктің жұмысына, қаланы су және жарықпен қамтамасыз етуге, балаларға арналған сырғанайтын орындардағы қымбат баға мен жеке сектордағы қарды тазалау жұмыстарына шағым түсті.
Кейбір қала тұрғындары әкімнің қай жолмен жүретінін біліп алып, оған жолда кезігіп, өз проблемасының шешімін табуға тырысты. Мысалы, кәсіпкер жеке меншік үйде дүкен ашуға көмектесуді сұрады. Өзге тұрғын жеке басына қатысты сұрақ қойса, қала әкімі дүйсенбінің таңынан бастап сол мәселені шешуге уәде етті.
Тікелей эфирді көріп отырғандар Асаин Байхановтың жеке өміріне қатысты сұрақтар да қойды. Мысалы, әкім Жаңа жыл мейрамын қалай қарсы алады деп сұрады. Байханов әдетте бұл мерекені табиғат аясында өткізетінін айтып, бұл жолы нақты шешім қабылдамағанын жеткізді.
Жағымсыз пікір білдіргендер де болды. Олардың бірі серуендегі қала басшысының артында джип көлігі келе жатқанын айтса, енді бірі жанында күзетшілері еріп келе жатыр деген жорамал жасады. Бірақ Асаин Байханов бұл күдікті сейілтіп, қалада жалғыз келе жатқанын дәлелдеу үшін қаланың бос көшесін айналдыра көрсетіп шықты.
Қала басшысының павлодарлықтармен онлайн-сұхбаты телефон қуаты таусылғанда түнгі 12-де аяқталды.