https://sputnik.kz/20211227/kasibi-boksshy-qaza-18990742.html
Көлігімен бағдаршамға тоқтаған кәсіби боксшыны балаларының көзінше өлтірді
Көлігімен бағдаршамға тоқтаған кәсіби боксшыны балаларының көзінше өлтірді
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде полиция қылмыскерді іздестіріп жатыр. Оны табуға көмектескен адамға ірі көлемдегі сыйақы беріледі 27.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-27T11:27+0500
2021-12-27T11:27+0500
2022-02-01T13:05+0500
әлем
бағдаршам
көлік
бокс
балалар
https://sputnik.kz/img/333/20/3332058_0:50:1921:1130_1920x0_80_0_0_d932e182744263ae722a215891d4b695.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. АҚШ-та аса ауыр салмақтағы кәсіби боксшы кіші Дэнни Келлиді көшеде атып тастады. 30 жастағы спортшы джиппен бағдаршамда тоқтағанда белгісіз біреулер оқ жаудырған. Салонда Келлидің әйелі мен үш баласы да болды, деп хабарлайды Vringe.com порталына сілтеме жасап.Полицияның мәліметіне сәйкес, трагедия 25 желтоқсанда сағат 16:40-та Мэрлиленд штатындағы Темпл-Хиллз қалашығында адам көп жүретін Сент-Барнабас-роуда болған. Боксшының жол талғамайтын көлігінің жанына басқа көлік тоқтаған. Соның жүргізушісі рөлде отырған боксшыны атып тастаған.Оқиға орнына барған жедел жәрдем қызметкерлері спортшыны құтқара алмады. Ол ауыр жарақат алып, көз жұмды. Әйелі мен үш баласы зардап шеккен жоқ.Қазіргі кезде полиция қылмыскерді іздестіріп жатыр. Оны табуға көмектескен адамға 25 мың доллар сыйақы тағайындалып отыр.Детективтер қылмыстың мән-жайын анықтауға кірісті. Оған екі жүргізуші арасындағы жанжал немесе басқа да себеп түрткі болуы мүмкін."Бұл Келлидің отбасы мен достары үшін орны толмас қаза. Ол өз жақындарымен Рождествоны қарсы ала алмады. Олар мейрамды атап өтудің орнына қайғыдан қан жұтып отыр", - деді жергілікті полицияның аса ауыр қылмыстар жөніндегі офицері Дэвид Блейзер.Айта кетері, Дэнни Келли соңғы жекпе-жекте Ник Киснермен жұдырықтасып, 2-ші раунда нокаутпен жеңді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/333/20/3332058_79:0:1786:1280_1920x0_80_0_0_1c32cd91cc6e713b7afac532e945251b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бағдаршам, көлік, бокс, балалар
бағдаршам, көлік, бокс, балалар
Көлігімен бағдаршамға тоқтаған кәсіби боксшыны балаларының көзінше өлтірді
11:27 27.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қазіргі кезде полиция қылмыскерді іздестіріп жатыр. Оны табуға көмектескен адамға ірі көлемдегі сыйақы беріледі
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. АҚШ-та аса ауыр салмақтағы кәсіби боксшы кіші Дэнни Келлиді көшеде атып тастады. 30 жастағы спортшы джиппен бағдаршамда тоқтағанда белгісіз біреулер оқ жаудырған. Салонда Келлидің әйелі мен үш баласы да болды, деп хабарлайды
Vringe.com порталына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметіне сәйкес, трагедия 25 желтоқсанда сағат 16:40-та Мэрлиленд штатындағы Темпл-Хиллз қалашығында адам көп жүретін Сент-Барнабас-роуда болған. Боксшының жол талғамайтын көлігінің жанына басқа көлік тоқтаған. Соның жүргізушісі рөлде отырған боксшыны атып тастаған.
Оқиға орнына барған жедел жәрдем қызметкерлері спортшыны құтқара алмады. Ол ауыр жарақат алып, көз жұмды. Әйелі мен үш баласы зардап шеккен жоқ.
Қазіргі кезде полиция қылмыскерді іздестіріп жатыр. Оны табуға көмектескен адамға 25 мың доллар сыйақы тағайындалып отыр.
Детективтер қылмыстың мән-жайын анықтауға кірісті. Оған екі жүргізуші арасындағы жанжал немесе басқа да себеп түрткі болуы мүмкін.
"Бұл Келлидің отбасы мен достары үшін орны толмас қаза. Ол өз жақындарымен Рождествоны қарсы ала алмады. Олар мейрамды атап өтудің орнына қайғыдан қан жұтып отыр", - деді жергілікті полицияның аса ауыр қылмыстар жөніндегі офицері Дэвид Блейзер.
Айта кетері, Дэнни Келли соңғы жекпе-жекте Ник Киснермен жұдырықтасып, 2-ші раунда нокаутпен жеңді.