https://sputnik.kz/20211227/Pavlodar-zhukti-ayel-politsiya-18991363.html
Павлодарда жүкті әйел полициядан қашып кетпек болды
Павлодарда жүкті әйел полициядан қашып кетпек болды
Sputnik Қазақстан
Әйел сотқа жүкті екені туралы анықтама әкеліп, қамаудан құтылып кетті. Сот үкімімен ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды 27.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-27T12:11+0500
2021-12-27T12:11+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
мас жүргізуші
жүкті әйел
https://sputnik.kz/img/1194/27/11942758_0:201:2926:1847_1920x0_80_0_0_9f5fee1507b9b50e50d59d290a42200c.jpg
ПАВЛОДАР, 27 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда сот ішімдік ішіп рөлге отырған әйелді көлік жүргізу құқығынан айырды, бірақ қамауға алмады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Желтоқсан түндерінің бірінде Естай көшесінде патрульдік полицейлер 38 жастағы әйел жүргізіп келе жатқан Hyundai көлігін тоқтатқан. Полицияның мәліметінше, одан алкогольдің иісі шыққан, соған байланысты полицейлер әйелді медициналық айғақтау орнына жеткізген.Ол жерде әйел жүрегінің ауырып тұрғанын айтып, жедел жәрдем шақыруды өтінген. Шақыруға келген медицина қызметкерлері оны тексерген соң, жүрегінде ешқандай сырқат болмағандықтан ауруханаға жатқызудан бас тартқан.Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты әйелді 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды. Бірақ ол сотқа жүктілігі туралы анықтама бергендіктен, әкімшілік қамауға алынбады.Биыл тәртіп сақшылары мас болып рөлге отырған 1462 жүргізушіні ұстады, оның 256-сы бұрын жүргізуші куәлігінен айырылып, қайтадан көлік тізгініне отырған. Оқи отырыңыз: Полицейлер мас жүргізушіні қуып жүріп ұстады – оқиғаның видеосы жарияланды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1194/27/11942758_99:0:2828:2047_1920x0_80_0_0_c7a936ce609623c96ea632d56ac404fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мас жүргізуші, жүкті әйел
мас жүргізуші, жүкті әйел
Павлодарда жүкті әйел полициядан қашып кетпек болды
12:11 27.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Әйел сотқа жүкті екені туралы анықтама әкеліп, қамаудан құтылып кетті. Сот үкімімен ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
ПАВЛОДАР, 27 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда сот ішімдік ішіп рөлге отырған әйелді көлік жүргізу құқығынан айырды, бірақ қамауға алмады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Желтоқсан түндерінің бірінде Естай көшесінде патрульдік полицейлер 38 жастағы әйел жүргізіп келе жатқан Hyundai көлігін тоқтатқан. Полицияның мәліметінше, одан алкогольдің иісі шыққан, соған байланысты полицейлер әйелді медициналық айғақтау орнына жеткізген.
Ол жерде әйел жүрегінің ауырып тұрғанын айтып, жедел жәрдем шақыруды өтінген. Шақыруға келген медицина қызметкерлері оны тексерген соң, жүрегінде ешқандай сырқат болмағандықтан ауруханаға жатқызудан бас тартқан.
"Әйелдің жеңіл дәрежеде мас екені анықталғаннан кейін ол таксиге отырып, қашып кетпек болды. Бірақ оны полицейлер ұстады. Аталған факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.
Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты әйелді 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды. Бірақ ол сотқа жүктілігі туралы анықтама бергендіктен, әкімшілік қамауға алынбады.
Биыл тәртіп сақшылары мас болып рөлге отырған 1462 жүргізушіні ұстады, оның 256-сы бұрын жүргізуші куәлігінен айырылып, қайтадан көлік тізгініне отырған.