https://sputnik.kz/20211227/Almaty-yadrolyk-meditsina-18994965.html
Қазақстанда бірегей ядролық медицина орталығы ашылды
Қазақстанда бірегей ядролық медицина орталығы ашылды
Sputnik Қазақстан
Бұл еліміздегі алғашқы инновациялық медициналық орталық, оның қызметі онкологиялық ауруларды диагностикалауға бағытталған 27.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-27T20:00+0500
2021-12-27T20:00+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
алматы
медицина
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1b/18994878_8:0:1600:900_1920x0_80_0_0_2e48575af99371c433b0e395210defd9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматыда ядролық медицина орталығы ашылды, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты. Бұл еліміздегі алғашқы инновациялық медициналық орталық, оның қызметі онкологиялық ауруларды диагностикалауға бағытталған. Орталықта медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде барлық қазақстандықтарға тегін және қолжетімді зерттеулер жүргізіледі.Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов "МедИнвестГрупп Қазақстан" компаниясының қолдауымен ашылған орталыққа барды.Ядролық медицина орталығы онкологиялық патологияларды ерте анықтау үшін ең заманауи жабдықтармен жабдықталған. Жоғары технологиялық ПЭТ сканері – Biograph Horizon, Siemens позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томография мүмкіндіктерін біріктіреді.Зерттеу ісіктің құрылымы мен функционалдық ерекшеліктерін молекулалық деңгейде бағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс ең кішкентай ошақтарды анықтауға және неоплазмалардың орналасуы мен шекаралары туралы нақты мәліметтермен адам ағзасының үш өлшемді бейнесін алуға мүмкіндік береді."МедИнвестГрупп Қазақстан" компаниясы сатып алған және Алматы қаласының ядролық медицина орталығында пайдаланылатын аппаратура дәрігерлерге жылына 7 000 пациентті қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл емдеу мен диагностикаға мұқтаж қазақстандықтарға зерттеулердің күрделі рәсімін күту мерзімін айтарлықтай қысқартуға көмектеседі. Осындай орталықтар жақын арада Орал, Шымкент және Қарағанды қалаларында MIG Qazaqstan инвестициялық компаниясымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылатын болады.Оқи отырыңыз: 91 жастағы қария ауруы шыдатпаған соң өзіне ота жасады
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1b/18994878_158:0:1590:900_1920x0_80_0_0_39368913ef59b1c22a6686a9ce5df8d7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, медицина
Қазақстанда бірегей ядролық медицина орталығы ашылды
20:00 27.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Бұл еліміздегі алғашқы инновациялық медициналық орталық, оның қызметі онкологиялық ауруларды диагностикалауға бағытталған
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматыда ядролық медицина орталығы ашылды, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.
Бұл еліміздегі алғашқы инновациялық медициналық орталық, оның қызметі онкологиялық ауруларды диагностикалауға бағытталған. Орталықта медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде барлық қазақстандықтарға тегін және қолжетімді зерттеулер жүргізіледі.
Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов "МедИнвестГрупп Қазақстан" компаниясының қолдауымен ашылған орталыққа барды.
Ядролық медицина орталығы онкологиялық патологияларды ерте анықтау үшін ең заманауи жабдықтармен жабдықталған. Жоғары технологиялық ПЭТ сканері – Biograph Horizon, Siemens позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томография мүмкіндіктерін біріктіреді.
Зерттеу ісіктің құрылымы мен функционалдық ерекшеліктерін молекулалық деңгейде бағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс ең кішкентай ошақтарды анықтауға және неоплазмалардың орналасуы мен шекаралары туралы нақты мәліметтермен адам ағзасының үш өлшемді бейнесін алуға мүмкіндік береді.
"МедИнвестГрупп Қазақстан" компаниясы сатып алған және Алматы қаласының ядролық медицина орталығында пайдаланылатын аппаратура дәрігерлерге жылына 7 000 пациентті қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл емдеу мен диагностикаға мұқтаж қазақстандықтарға зерттеулердің күрделі рәсімін күту мерзімін айтарлықтай қысқартуға көмектеседі. Осындай орталықтар жақын арада Орал, Шымкент және Қарағанды қалаларында MIG Qazaqstan инвестициялық компаниясымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылатын болады.