https://sputnik.kz/20211227/Almaty-sintetikalyq-esirtki-video-18989970.html
Алматыда синтетикалық есірткі өндіргендер сотталды – видео
Алматыда синтетикалық есірткі өндіргендер сотталды – видео
Sputnik Қазақстан
Алматыда синтетикалық есірткі өндіргендер 10, 11 жылға бас бостандығынан айырылды 27.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-27T10:49+0500
2021-12-27T10:49+0500
2022-02-01T13:05+0500
мультимедиа
видео
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1b/18989871_28:0:1952:1082_1920x0_80_0_0_e71f225aef8b83fb14022a5f1cda94e1.jpg
Синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты қылмыстық істер бойынша үкімдер күшіне енді.Бірінші үкім мефедрон өндірісін ұйымдастырған 24 жастағы Х. Исламов және 25 жастағы С. Епифанов қатысты болды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты.Сот олардың есірткіні бір реттік дозаға бөліп, сату арқылы ақша табуға тырысқанын анықтады. Полицияның назарына түспеу үшін қылмыскерлер пәтерлерді тәулікке жалға алып отырған. Кейіннен кірісті көбейту мақсатында мефедрон өндірісін ұйымдастырған. Саяжай үйін жалға алып, өндіріске қажетті химиялық заттар мен жабдықтар әкелген. Қылмыскерлер төрт күннен кейін есірткінің бірінші партиясын өндіру кезінде ұсталған.Х. Исламов пен С. Епифанов 11 жылға бас бостандығынан айырылды.Екінші үкім Алматы қаласының 27 жастағы тұрғыны М. Шевцовқа қатысты болды, ол да мефедрон өндірісін ұйымдастырған. Айыпталушы атап өткендей, есірткінің алғашқы партиялары дұрыс шықпаған, жасай алмаған. Ол өзінің үйіне жақын жерде пәтер жалдап, екі күн бойы "технологиялық процесті" мұқият сақтай отырып есірткі дайындаған. Тінту барысында өндіруге және өлшеп орауға арналған жабдықтар, сондай-ақ 200 грамм дайын зат тәркіленді.Сот отырыстарында Шевцов жеке тұтыну үшін есірткі шығарғанын айтып, жазаны азайтуға тырысқан. Алайда сотқа ұсынылған дәлелдер бұл айғақтарды жоққа шығаруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде Шевцов 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкімдер заңды күшіне енді.Сотталғандар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1b/18989871_268:0:1711:1082_1920x0_80_0_0_7843505fa33f0c8465c033e203a24158.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мультимедиа
Алматыда синтетикалық есірткі өндіргендер сотталды – видео
10:49 27.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Алматыда синтетикалық есірткі өндіргендер 10, 11 жылға бас бостандығынан айырылды
Синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты қылмыстық істер бойынша үкімдер күшіне енді.
Бірінші үкім мефедрон өндірісін ұйымдастырған 24 жастағы Х. Исламов және 25 жастағы С. Епифанов қатысты болды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты.
Сот олардың есірткіні бір реттік дозаға бөліп, сату арқылы ақша табуға тырысқанын анықтады. Полицияның назарына түспеу үшін қылмыскерлер пәтерлерді тәулікке жалға алып отырған. Кейіннен кірісті көбейту мақсатында мефедрон өндірісін ұйымдастырған. Саяжай үйін жалға алып, өндіріске қажетті химиялық заттар мен жабдықтар әкелген. Қылмыскерлер төрт күннен кейін есірткінің бірінші партиясын өндіру кезінде ұсталған.
Х. Исламов пен С. Епифанов 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Екінші үкім Алматы қаласының 27 жастағы тұрғыны М. Шевцовқа қатысты болды, ол да мефедрон өндірісін ұйымдастырған. Айыпталушы атап өткендей, есірткінің алғашқы партиялары дұрыс шықпаған, жасай алмаған. Ол өзінің үйіне жақын жерде пәтер жалдап, екі күн бойы "технологиялық процесті" мұқият сақтай отырып есірткі дайындаған. Тінту барысында өндіруге және өлшеп орауға арналған жабдықтар, сондай-ақ 200 грамм дайын зат тәркіленді.
Сот отырыстарында Шевцов жеке тұтыну үшін есірткі шығарғанын айтып, жазаны азайтуға тырысқан. Алайда сотқа ұсынылған дәлелдер бұл айғақтарды жоққа шығаруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде Шевцов 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкімдер заңды күшіне енді.
Сотталғандар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейді.