Ресей бірнеше атомды сүңгуір қайық құрастырады

© Пресс-служба ОАО "ПО "Севмаш" / Фотобанкке өтуСпуск на воду атомной подлодки проекта "Ясень-М" в Северодвинске
Спуск на воду атомной подлодки проекта Ясень-М в Северодвинске - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
2027 жылға дейін "Севмаш" "Борей-А" мен "Ясень-М" жобаларының жеті атомды суасты қайығын жасап шығарады
21 желтоқсанда "Борей-А" мен "Ясень-М" жобаларының атомды субмариналары Ресейдің Әскери-флот күштерінің құрамына енді. Осылайша Северодвинскте 885М (Ясень-М) және 955А (Борей-А) жобаларының алғашқы сериялы субмариналарында әскери-теңіз жалаулары көтерілді.
Ресейлік әскери-теңіз флотына сипаттамасы мен қарулану жүйесі айрықша "Новосибирск" пен "Князь Олег" атомды зымыран тасымалдағыштармен жабдықталды. Субмариналар Тынық мұхиты флотының құрамын толықтырып, Әлем мұхитында Ресей Әскери-теңіз флотының соғыс әлеуетін арттырады.
Строительство АЭС, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2021
Әлем
Ресей Қазақстанда атом саласындағы кадрлар даярлауды ұсынды
РФ президенті Владимир Путин "Севмаш" ұжымы мен әскери теңізшілерді осы жетістікпен құттықтап, "Новосибирск" көпмақсатты крейсері теңіз және жердегі нысандарға "Калибр" мен "Оникс" қанатты зымырандарымен соққы жасай алатынын, ал "Князь Олег" суасты крейсері "Булава" континентаралық баллистикалық зымырандармен қаруланғанын атап өтті.
Біраз бұрын, 17 желтоқсанда Мәскеу Вашингтонға жаһандық қауіпсіздікті нығайтудың жаңа жүйесін – өзара кепілдіктер туралы келісімшарттар жобасын ұсынды. Бейбіт ұсыныстар мен Әскери-теңіз флотының құрамына екі зымыран субмаринасын енгізу бір-біріне еш қайшы келмейді.
Ресейлік конструкторлар бесінші буынға жататын зымыран-ядролы флоттың негіздерін құрастырып жатыр. Яғни, машиналардың көзге түсу мүмкіндігі бәсеңдетіліп, қару-жарақ жүйесі жаңартылып жатыр, барлау, басқару, нысананы нұсқаудың автоматтандырылған құралдары енгізіліп жатыр. Ресей қорғаныс саласында енгізіп жатқан технологиялық шешімердің басым бөлігі Юатыс елдері үшін әлі де қолжетпес мүмкіндік болып отыр. Жақында Ресей Әскери-теңіз флоты суасты қайықтарында 885М жобасының "Пермь" көпмақсатты субмаринасы тасымалдағыш қызметін атқаратын "Циркон" гипердыбысты зымырандары пайда болады. Ал суүсті "Циркондар" сериялы өндіріске жол тартқандықтан, олар әскер қатарына әлдеқайда ерте енеді.
Төртінші буынға жататын "Новосибирск" атомды суасты қайығы "Ясен-М" жобасының құрылысы жүріп жатқан жеті кемеден тұратын топтамасына жатады. Ол әскери патрульдеу аймағында АҚШ пен НАТО елдерінің субмариналарын бақылауға бағытталған. "Новосибирск" 2019 жылдың соңында суға жіберілді. Сондықтан құрылыс, сынақ және мемлекееттік қабылдау мерзімі ұзаққа созылмағанын аңғаруға болады.
Су сыйымдылығы 13 800 тонна болатын "Ясен-М" жобасының көп мақсатты субмариналары 520 метр тереңдікте жүзе алады, миналармен, 533 миллиметрлі торпедалармен, "Калибр", "Оникс" қанатты зымырандарымен жабдықалған және болашақта "Циркон" гипердыбысты зыммырандарымен қаруладаны. Сондай-ақ бортында радиоэлектронды жабдық кешендері бар. Дербестігі – 100 тәулік, су астындағы жылдамдығы – 31 торап. Экипаж – 64 адам.
Олар қарсыластың соққы жасайтын авиатасымалдаушы топтарының, "Огайо" сынды стратегиялық суасты зымырантасымалдағыштардың көзін жоюға бағытталған. The National Interest басылымының дерегі бойынша, "Ясень-М" көпмақсатты сүңгуір қайықтары ядролы және қарапайым оқтұмсықты, 2500 километрден астам қашықтыққа ұша алатын 3М-14К "Калибр" қанатты зымырандарымен жабдықталған.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Қоғам
Атом электр станциясы Маңғыстауда салынатыны рас па
"Князь Олег" стратегиялық мақсаттағы зымыранды суасты крейсері "Борей-А" жетілдірілген жобасының атоммен жүретін төртінші буын кемелерінің қатарына жатады. Ол 2014 жылдың 27 шілдесінде суға қойылған, 2020 жылдың 16 шілдесінде эллингтен шығарылды.
Жобада жаңа техникалық шешімдер жүзеге асырылып, физикалық өрістердің деңгейі мүмкіндігінше төмендетілген және қауіпсіздік деңгейі арттырылған. Мемлекеттік сынақ кезінде крейсер су астындағы позициядан Камчаткадағы Кура полигонына Ақ теңіз акваториясынан "Булава" баллистикалық зымыранымен оқ атты. Зымыранның әскери блоктары болжанған уақытта межелі аймаққа жетті.
21 желтоқсанда Ресей әскери-теңіз флотының құрамында төрт "Борей" қызмет етіп жатыр. РФ қорғаныс министрлігі Әскери-теңіз флотына барлығы он "Борей" жеткізуді көздеп отыр. Олар алдағы онжылдықта ресейлік ядролық триаданың теңіздегі негізіне айналады.
"Борей-А" біртіндеп үшінші буындағы атомды крейсерлердің орнын алмастырып жатыр. Сәйкесінше тоғызыншы және оныншы "Борей" 2030 жылға дейін пайдалануға беріледі. Сериялы өндіріс одан кейін де жалғасуы ықтимал. Бұл мәселеде осы тектес әскери техниканың санын қарастыратын Стратегиялық шабуылдау қарулары туралы келісімшарттың ықпалы бар.
Ресейдің Әскери-теңіз флотында төртінші буындағы стратегиялық зымыран тасымалдағыштардың пайда болуы "серіктестерді" осы салаға көп қаражат салуға мәжбүрлеп отыр. "Борей" жобасындағы крейсер құрылысына Ресей 400 миллион долларға дейінгі қаражат жұмсаса, төртінші буынға жататын әлдеқайда әлсіз көпмақсатты Virginia субмаринасы үшін Пентагон 2,5 миллиард доллар қарастырды.
Ресейдің қорғаныс министрлігі "Севмаш" 2027 жылға дейін "Борей-А" және "Ясен-М" жобаларына жататын жеті атомды сүңгуір қайық дайындайтынын және жыл сайын бір суасты зымыран тасымалдағыш пен бір көп мақсатты субмарина пайдалануға берілетінін мәлімдеді. Бүгінгі таңда әскери қуаттың әлемдік рейтингінде кемелердің жалпы саны бойынша Ресей Әскери-теңіз флоты Қытай Әскери-теңіз күштерінен кейін екінші орында тұр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0