Қоғам

Жаңа жыл дастарханына қандай сусын алған дұрыс

© Photo : Pixabay / Terri CnuddeНовогодний стол
Новогодний стол - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2021
Жазылу
Сарапшы жаңа жылдық үстелге тағамнан бөлек сусын таңдай білу де маңызды екенін айтты. Ол осы мәселеге қатысты бірқатар кеңес берді
НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан - Sputnik. Шарап Жаңа жыл дастарханындағы көпетеген тағаммен үйлеседі, деді РИА Новостиге Fort шарап компаниясының сарапшысы Кристина Монкус.
"Жақсы таңдалған шарап тек ескі жылды шығаруға ғана емес, жаңа жылдық үстелдің барлық тағамдарымен ішуге сай болады. Оның құрамында қант мөлшері аз, қышқылдығы да бар. Салаттардан бастап күркетауыққа дейінгі тағамдардың бәрімен үйлеседі", - деді Монкус.
Ол мерекелік үстелге неғұрлым көп қонақ жиналса, сусын соғұрлым әмбебап болуы керек екенін атап өтті.
"Шұжық қосылған оливье үшін жақында пайда болған "асти секко" категориясы дәл келеді. Бұл дәстүрлі тәтті асти емес, сол жүзімнің құрғақ хош иісті үлгісі. Классикалық жартылай құрғақ шараптан тәттіге дейін неміс ризлингін таңдауға болады", - деп жалғастырды сарапшы.
Қызанақ, картоп, жұмыртқа және балықтан жасалатын салатқа қызғылт шараптар да жақсы болады.
Жаңа жылдық үстелдің ыстық тағамдарына ақ сусындар ішінде сарапшы новосветское шардонне, қызылдардың арасында пино нуар таңдаған дұрыс.
"Стейктерге толыққанды және хош иісті шараптарды ұсынамын. Мысалы, аргентиналық Мальбек немесе новосветский шираз, сондай-ақ чилилік карменер. Егер жаңа жылдық үстелде чипс, попкорн, бургер және басқа да фаст-фуд болса, онда просекконың бірнеше бөтелкесін дайындаған дұрыс", - деп қорытындылады Монкус.
Жаңалықтар
0