Видео

Қорғаныс министрлігі "әскер тарландарын" анықтады – видео

Жазылу
Нұр-Сұлтанда осы жылы кәсіби қызметінде үздік нәтиже көрсеткен Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері марапатталды
2021 жылы "Әскер тарланы" байқауында танкист – гвардия сержанты Абзал Жақсылық, артиллерист – сержант Мақсұт Жасұзақ үздіктер деп танылды. Механик-жүргізушілер арасында аға сержант Нұрхат Жанәбілов, мергендерден аға сержант Толқын Бәкіжанова, барлаушылар ішінде аға сержант Әділбек Нұрболат, ұшқыштардан аға лейтенант Әли Әділбеков жеңімпаз атанды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Байқау қорытындысы бойынша әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің маманы майор Ерік Рақымжанов, "Маңғыстау" зениттік-артиллериялық кеме командирі 3-дәрежелі капитан Медет Сұлтанов тамаша нәтижелер көрсетті. "Шебер" номинациясы сержант Дидар Түсебаевқа бұйырды. Медицина қызметкерлерінен сержант Света Мақсұтова, тәрбие құрылымдарының офицерлері арасында подполковник Ұлан Бисенов, байланысшылардан аға сержант Нұрбол Сансызбаев үздіктер қатарынан көрінді. 3-сыныпты сержант Арман Қазбеков жыл бітімгері атағына лайық деп танылды.
Жеке аталымдарда сапер, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау маманы, сержант, әскери полиция қызметкері, жедел кезекші, заңгер, қаржыгер, кадр қызметкері, оқытушы және басқа да әскери мамандар үздік деп аталды.
"Әскер тарланы" байқауы 2019 жылдан бері үлгілі әскери мамандарды анықтау және көтермелеу мақсатында өткізіліп келеді. Бұл байқау әскери қызметте қажетті кәсіби дағдыларды дамытуға және ынталандыруға ықпал етеді.
Жаңалықтар
0