Спорт

Триатлоннан 2022 жылғы Азия чемпионаты елордада өтеді

© Sputnik / Тимур БатыршинСпортсмены состязались в четырех категориях (Elite, U23, U19, U17)
Спортсмены состязались в четырех категориях (Elite, U23, U19, U17) - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2021
Жазылу
Қазақстанның астанасы құрлықтық біріншіліктің қатысушыларын алғаш рет қабылдайды
НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда U23 пен Junior санаттарындағы атлеттер арасында триатлоннан Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы Қазақстанның триатлон федерациясы мәлімдеді.
"World Triathlon пен Asia Triathlon 2022 жылдың 23-24 маусымында Нұр-Сұлтанда U23 пен Junior санаттарындағы спортшылар арасында триатлоннан Азия чемпионаты болатындығын растады", - деп хабарлады Olympic.kz.
Айта кетері, елорда Asia Triathlon Junior and U23 Championships Nur-Sultan атты құрлықтық біріншіліктің қатысушыларын алғаш рет қабылдайды. Бүгінгі таңда сайыс және жауапты техникалық делегаттар бекітілді.
Оқи отырыңыз: Қазақ жігіті триатлоннан Азия чемпионы атанды 
Бұл халықаралық турнир 2021 жылға жоспарланған еді, алайда эпидемиологиялық жағдайға және бірқатар елдегі шектеулерге байланысты өтпей қалды.
Еске сала кетейік, 24 шілдеге TEMIRADAM Кубогының V кезеңі жоспарланып отыр. Pro және Age Group санатындағы сайыскерлер құрлықтық чемпионаттың тарихи дистанциясында сынға түсу мүмкіндігіне ие болды. 
Жаңалықтар
0