Өңірлер

Оралда қатты жел бес қабатты үйдің шатырын ұшырып әкетті

© Photo : ДЧС Акмолинской области Крышу сорвало ветром на Доме культуры
 Крышу сорвало ветром на Доме культуры - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2021
Жазылу
Әлеуметтік желіде Оралдағы дүлей желдің салдары туралы видеолар мен фотолар жарияланды
НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Оралда ұйытқыған жел көпқабатты үйдің шатырын ұшырып әкетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті.
4-шағын аудандағы бес қабатты үйдің шатырын түнде жел жұлып алған.
"Қазгидрометтің" облыстық филиалының мәліметінше, сенбіден жексенбіге қараған түні қалада желдің екпіні секундына 23 метрге жетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Уральск в Онлайне (@uralsk.online)

"5 қабатты тұрғын үйдің 240 шаршы метр аумақтағы (үйдің жалпы аумағы 1260 шаршы метр) шатыры ұлынған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органның комиссиясы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады БҚО ТЖД.
1991 жылы салынған үй соңғы рет бес жыл бұрын, 2016 жылы жөндеуден өткені анықталды. Тұрғын үй ПИК-тің (КСК) балансында жоқ.
Сондай-ақ жексенбі күні таңертең Ақжайық ауданы Чапаево елді мекенінде Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің 150 шаршы метр аумақтағы бір қабатты гаражының шатыры ұшып кеткен.
"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдардың комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Гараж 1977 жылы салынған, 2007 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген", - деп толықтырды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқи отырыңыз: Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды 
Еске сала кетейік, облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланып, Орал – Тасқала – Ресей шекарасы автожолының учаскесі, сондай-ақ Подстепное ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске жабылды.
Жаңалықтар
0