Christian Dior сән үйінің құрылғанына 75 жыл толды – фото
14:00 26.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022)
Жазылу
Оның алғашқы топтамасы New Look деп аталды және ол әлемнің сән саласында төңкеріс жасады. Бұл осыдан жетпіс бес жыл бұрын болған
Кристиан Диор жеке сән үйін құруға қырық жылдан астам уақыт бойы талпынған. Дәулетті отбасында туған Кристанды жақындары дипломатия саласында қызмет етеді деп үміттенді. Бірақ ол уақытты музей мен галерея аралауға жұмсаған.
Ол өнермен әуестенді. Бір кездері оның Мане мен Пикассо туындылары қойылған көркем сурет галереясы да болды. Сән саласындағы революцияға дейін әлі жиырма жыл бар еді. Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, ол түрлі орында жұмыс істейді.
Осылайша 1947 жылдың ақпанында танымал кутюрьенің алғашқы әрі әйгілі топтамасы көрерменге таныстырылды. Подиумдағы арулар кең етекті, бел қатты тартылған және көкірек тұсы жоғары көтерілген көйлектерді киіп шықты. Диор ұсынған "сұлу ханым" бейнесі соғыстан кейінгі қиын кезеңдегі қыз-келіншектің кейпіне қарама-қайшы болды. "Harper′s Bazaar" журналының бас редакторы Кармел Сноу Диор туындыларын New Look деп атады.
Бұл топтама өте сәтті болды және әлі де жоғары бағаға ие. Біраз уақыттан кейін Кристиан Диор дәулетті әрі танымал қыз-келіншектерге киім тіге бастады.
© AP Photo / Harold FilanКристиан Диор 1958 жылғы жағажайға арналған киім үлгісін тексеріп жатыр. Ол бұл киім жобасын Парижден кетер алдында ойластырып, оны Калифорнияда дайындаған.
1/18
© AP Photo / Harold Filan
Кристиан Диор 1958 жылғы жағажайға арналған киім үлгісін тексеріп жатыр. Ол бұл киім жобасын Парижден кетер алдында ойластырып, оны Калифорнияда дайындаған.
© AP Photo / LevyChristian Dior сән үйінің күзгі топтамасындағы кешкі "Юнона" көйлегі. Жапырақ іспеттес бұл киім 1949 жылдың 27 тамызында таныстырылды. Ол көгілдір шілтер матадан тігіліп, түрлі-түсті жылтырлармен безендірілген.
2/18
© AP Photo / Levy
Christian Dior сән үйінің күзгі топтамасындағы кешкі "Юнона" көйлегі. Жапырақ іспеттес бұл киім 1949 жылдың 27 тамызында таныстырылды. Ол көгілдір шілтер матадан тігіліп, түрлі-түсті жылтырлармен безендірілген.
© AFP 2024 / Sterhane De Sakutin Париждегі Монтень авенюінде орналасқан Christian Dior сән үйі.
3/18
© AFP 2024 / Sterhane De Sakutin
Париждегі Монтень авенюінде орналасқан Christian Dior сән үйі.
© AP Photo / Jacques MarquetonChristian Dior брендінің 1975-76 жылдардағы күз-қыс топтамасы.Күлгін қызыл өрнектермен безендірілген күміс түстес көйлекті түрлі-түсті түйеқұс қауырсындармен жиектелген жеңі ұзын пальто толықтырып тұр. Модель қою күлгін түсті барқыт туфли киген.
4/18
© AP Photo / Jacques Marqueton
Christian Dior брендінің 1975-76 жылдардағы күз-қыс топтамасы.Күлгін қызыл өрнектермен безендірілген күміс түстес көйлекті түрлі-түсті түйеқұс қауырсындармен жиектелген жеңі ұзын пальто толықтырып тұр. Модель қою күлгін түсті барқыт туфли киген.
© AP Photo 1959 жылдың 30 шілдесінде Dior жаңа топтамасының тұсаукесерінен кейін модельер Ив Сен-Лоран мен екі модель суретке түсіп тұр. Кристиан Диор көз жұмғаннан кейін сән үйін басқарған Сен-Лоран бұл дизайнды 1960 жылдағы қыз-келіншектің жаңа бейнесі деп атады.
5/18
© AP Photo
1959 жылдың 30 шілдесінде Dior жаңа топтамасының тұсаукесерінен кейін модельер Ив Сен-Лоран мен екі модель суретке түсіп тұр. Кристиан Диор көз жұмғаннан кейін сән үйін басқарған Сен-Лоран бұл дизайнды 1960 жылдағы қыз-келіншектің жаңа бейнесі деп атады.
© AP Photo / Pierre Godot Ашық қызыл түсті жүн пальто 1967 жылғы Christian Dior күз-қыс топтамасында көрсетілді. Ол дизайнер Марк Боханның қолынан шыққан. Белі жоғары орналасқан пальто үш түймемен бекітіледі. Пальто астынан табиғи жүннен дайындалған күртеше киген және белді айқындай түсу үшін қара белдік таққан. Қара юбка мен қара бас киім, күдері етік және қолғап осы бейнені толықтырып тұр.
6/18
© AP Photo / Pierre Godot
Ашық қызыл түсті жүн пальто 1967 жылғы Christian Dior күз-қыс топтамасында көрсетілді. Ол дизайнер Марк Боханның қолынан шыққан. Белі жоғары орналасқан пальто үш түймемен бекітіледі. Пальто астынан табиғи жүннен дайындалған күртеше киген және белді айқындай түсу үшін қара белдік таққан. Қара юбка мен қара бас киім, күдері етік және қолғап осы бейнені толықтырып тұр.
© AFP 2024Christian Dior манекеншілері 1959 жылы Орлиде Christian Dior үйінің жаңа топтамасын таныстыру үшін ұшаққа мініп жатыр.
7/18
© AFP 2024
Christian Dior манекеншілері 1959 жылы Орлиде Christian Dior үйінің жаңа топтамасын таныстыру үшін ұшаққа мініп жатыр.
© AFP 2024 / Eric Feferberg Экрю түсті шілтер матадан тігілген балға арналған көйлекті Christian Dior сән үйінің 1999 жылдағы Көктем/Жаз топтамасы үшін Джон Гальяно әзірледі.
8/18
© AFP 2024 / Eric Feferberg
Экрю түсті шілтер матадан тігілген балға арналған көйлекті Christian Dior сән үйінің 1999 жылдағы Көктем/Жаз топтамасы үшін Джон Гальяно әзірледі.
© AFP 2024 / Stephane De Sakutin Жұмысшылар 2021 жылдың 20 ақпанында Париждегі Christian Dior сән үйінің шеберханасында кутюрье топтамасын тігіп отыр.
9/18
© AFP 2024 / Stephane De Sakutin
Жұмысшылар 2021 жылдың 20 ақпанында Париждегі Christian Dior сән үйінің шеберханасында кутюрье топтамасын тігіп отыр.
© Sputnik / Francois GuillotПариждегі Haute Couture әйелдер киімінің топтамасының көрсетілімі кезінде модель Christian Dior туындысын таныстырып тұр.
10/18
© Sputnik / Francois Guillot
Париждегі Haute Couture әйелдер киімінің топтамасының көрсетілімі кезінде модель Christian Dior туындысын таныстырып тұр.
© AFP 2024 / Francois Guillot Christian Dior моделі Парижде акробаттар өнер көрсетіп жатқан шақта Haute Couture Көктем-Жаз 2019 топтамасындағы киімді киіп шықты.
11/18
© AFP 2024 / Francois Guillot
Christian Dior моделі Парижде акробаттар өнер көрсетіп жатқан шақта Haute Couture Көктем-Жаз 2019 топтамасындағы киімді киіп шықты.
© AFP 2024 / Daniel LealБритан дизайнері Джон Гальяно Kimono көрмесіне Christian Dior француз сән үйіне арнап Chee-shie-san ансамблін дайындады: Лондондағы Виктория және Альберт музейіндегі Kyoto to Catwalk.
12/18
© AFP 2024 / Daniel Leal
Британ дизайнері Джон Гальяно Kimono көрмесіне Christian Dior француз сән үйіне арнап Chee-shie-san ансамблін дайындады: Лондондағы Виктория және Альберт музейіндегі Kyoto to Catwalk.
© AFP 2024 / Pierre Verdy Версаль сарайында өткен 1999/2000 күз-қыс сән көрсетілімінде Christian Dior сән үйіне арналған Джон Гальяноның туындылары.
13/18
© AFP 2024 / Pierre Verdy
Версаль сарайында өткен 1999/2000 күз-қыс сән көрсетілімінде Christian Dior сән үйіне арналған Джон Гальяноның туындылары.
© AFP 2024 / Francois Guillot Christian Dior Күз/Қыс2007-08 Haute Couture топтамасының көрсетілімінен кейін дизайнер Джон Гальяно Линда Евангелиста, Наоми Кэмпбелл және Жизель Бундхенмен суретке түсіп тұр.
14/18
© AFP 2024 / Francois Guillot
Christian Dior Күз/Қыс2007-08 Haute Couture топтамасының көрсетілімінен кейін дизайнер Джон Гальяно Линда Евангелиста, Наоми Кэмпбелл және Жизель Бундхенмен суретке түсіп тұр.
© AFP 2024 / Francois Guillot Парижде өткен Haute Couture Күз/Қыс 2009 топтамасын таныстыру кезінде модель Джон Гальяно Christian Dior сән үйіне арнап дайындаған көйлекті киіп шықты.
15/18
© AFP 2024 / Francois Guillot
Парижде өткен Haute Couture Күз/Қыс 2009 топтамасын таныстыру кезінде модель Джон Гальяно Christian Dior сән үйіне арнап дайындаған көйлекті киіп шықты.
© AFP 2024Италия дизайнері Мария Грация Кьюридің Cruise 2020 Christian Dior жаңа топтамасында Африка мен фьюжн стилі басым болды. Бұл шара Марокконың туристік астанасы Марракештегі ескі сарайда өтті.
16/18
© AFP 2024
Италия дизайнері Мария Грация Кьюридің Cruise 2020 Christian Dior жаңа топтамасында Африка мен фьюжн стилі басым болды. Бұл шара Марокконың туристік астанасы Марракештегі ескі сарайда өтті.
© AFP 2024 / Kevin Winter / Getty ImagesАктриса Дженнифер Лоуренс Голливудта ең үздік әйел рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алып жатыр.
17/18
© AFP 2024 / Kevin Winter / Getty Images
Актриса Дженнифер Лоуренс Голливудта ең үздік әйел рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алып жатыр.
© AFP 2024 / Bertrand GuayПариждегі Christian Dior Haute Couture сән үйінде модель дизайнер Мария Грация Кьюри қолынан шыққан көйлекті киіп көріп жатыр, 2021 жылдың 28 ақпаны.
18/18
© AFP 2024 / Bertrand Guay
Париждегі Christian Dior Haute Couture сән үйінде модель дизайнер Мария Грация Кьюри қолынан шыққан көйлекті киіп көріп жатыр, 2021 жылдың 28 ақпаны.