https://sputnik.kz/20211225/Pavlodar-oblysy-ana-sot-18982990.html
Павлодар облысында әкімдік жеті баласы бар ананы сотқа бермекші
Павлодар облысында әкімдік жеті баласы бар ананы сотқа бермекші
Sputnik Қазақстан
Мүгедек баласы мен күйеуін бағып отырған ақсулық әйел қомақты қаражатты қайтаруға қауқарсыз 25.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-25T09:17+0500
2021-12-25T09:17+0500
2023-08-10T11:53+0500
қоғам
павлодар облысы
әкімдік
сот
көпбалалы отбасы
https://sputnik.kz/img/135/33/1353369_0:368:1521:1224_1920x0_80_0_0_08ada125a0ef034aa3c3fc3fa837e130.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысында әкімдік жеті баланың анасын сотқа бермекші.Шенеуніктер көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алды деп айыптап, 670 мың теңге жәрдемақыны кері қайтаруды талап етуде, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.Мүгедек баласы мен күйеуін бағып отырған ақсулық әйел қомақты қаражатты қайтаруға қауқарсыз. Үш жыл бұрын әр баласына мемлекеттен 21 мың теңге алғанын мойындайды. Әкімдік мүгедек баласына алатын қаражатты жасырдың деп жазғырған. Әкімдік оны сотқа бермекші. Өйткені атаулы әлеуметтік көмек аларда табысын жасырған деп айыптап отыр.Ал көпбалалы ана болса кірісін жасырмағанын айтады."Неге бізді аямайды. Мүгедектерге неге қамқорлық жасамайды. Менің кінәм не сонда? Осылай зар жылап отырған адамды білмеді, көрмеді, өтірік айтады дейді. Мен қалай өтірік айтам мына түріммен отырып. Мына мүгедек қыздан сенің отбасыңа табыс кіріп отыр дейді. Жатқан түрі мынау. Бір түгіл екі мүгедек бағып отырмын", - дейді Сайрагүл Молдабайқызы.Айтуынша отбасының жалғыз кірісі, ол мүгедек баласы мен күйеуіне берілетін болмашы жәрдемақы ғана. Мойындарына қарыз қылып қойған 670 мың теңгені төлеуге шамасы жоқ.Осыдан екі жыл бұрында бұл мәселені көтерген болатынбыз. Ол кезде әкімдік өкілдері қарызды демеушілер көмегімен жауып береміз деп те уәде берген еді. Алайда, уәделерінде тұрмаған."Бұл кісі айтқан жоқ жұмыс істедім деп. Бала күтімімен жүрдім деді. Түсініп отырмыз. Оңай емес. Сондықтан мен де сізге айтып отырмын. Демеушілер тарапынан көмек көрсетілді. Әлі де көрсетеміз", - дейді Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Балтабай Қаппасов.Ал заңгер Камиша Есмұхамедқызы әкімдіктің әрекеті заңсыз деп бағалайды. Өйткені шенділер өздері жіберген қателіктің салдарынан ортайған қазына қаржысын толтыруды ғана ойлап отыр."Өзінің қаражаты жетіп тұрса, мемлекеттен қол жаймайды және сұрамайды. Заңсыз алды деп танылғаны не сот шешімі жоқ. Не оны қандай да бір қағаз жүзінде тергеу амалдары заңсыз пайдаға кенелгенін дәлелденген жоқ. Сондықтан көпбалалы анаға 3 жылдан кейін қойып отырған талап арыз негізсіз", -дейді ол.Ақсу қаласы әкімінің орынбасары, бұл проблеманы оңтайлы шешеміз уәде берді. Бірақ оны қашан орындайтындарын ашып айтпады.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/135/33/1353369_0:226:1521:1367_1920x0_80_0_0_2d71875e5d703e9adc1223dce551820f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, әкімдік, сот, көпбалалы отбасы
павлодар облысы, әкімдік, сот, көпбалалы отбасы
Павлодар облысында әкімдік жеті баласы бар ананы сотқа бермекші
09:17 25.12.2021 (жаңартылды: 11:53 10.08.2023) Мүгедек баласы мен күйеуін бағып отырған ақсулық әйел қомақты қаражатты қайтаруға қауқарсыз
НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысында әкімдік жеті баланың анасын сотқа бермекші.
Шенеуніктер көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алды деп айыптап, 670 мың теңге жәрдемақыны кері қайтаруды талап етуде, деп хабарлады
"Астана" телеарнасы.
Мүгедек баласы мен күйеуін бағып отырған ақсулық әйел қомақты қаражатты қайтаруға қауқарсыз.
Үш жыл бұрын әр баласына мемлекеттен 21 мың теңге алғанын мойындайды. Әкімдік мүгедек баласына алатын қаражатты жасырдың деп жазғырған.
Әкімдік оны сотқа бермекші. Өйткені атаулы әлеуметтік көмек аларда табысын жасырған деп айыптап отыр.
Ал көпбалалы ана болса кірісін жасырмағанын айтады.
"Неге бізді аямайды. Мүгедектерге неге қамқорлық жасамайды. Менің кінәм не сонда? Осылай зар жылап отырған адамды білмеді, көрмеді, өтірік айтады дейді. Мен қалай өтірік айтам мына түріммен отырып. Мына мүгедек қыздан сенің отбасыңа табыс кіріп отыр дейді. Жатқан түрі мынау. Бір түгіл екі мүгедек бағып отырмын", - дейді Сайрагүл Молдабайқызы.
Айтуынша отбасының жалғыз кірісі, ол мүгедек баласы мен күйеуіне берілетін болмашы жәрдемақы ғана. Мойындарына қарыз қылып қойған 670 мың теңгені төлеуге шамасы жоқ.
Осыдан екі жыл бұрында бұл мәселені көтерген болатынбыз. Ол кезде әкімдік өкілдері қарызды демеушілер көмегімен жауып береміз деп те уәде берген еді. Алайда, уәделерінде тұрмаған.
"Бұл кісі айтқан жоқ жұмыс істедім деп. Бала күтімімен жүрдім деді. Түсініп отырмыз. Оңай емес. Сондықтан мен де сізге айтып отырмын. Демеушілер тарапынан көмек көрсетілді. Әлі де көрсетеміз", - дейді Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Балтабай Қаппасов.
Ал заңгер Камиша Есмұхамедқызы әкімдіктің әрекеті заңсыз деп бағалайды. Өйткені шенділер өздері жіберген қателіктің салдарынан ортайған қазына қаржысын толтыруды ғана ойлап отыр.
"Өзінің қаражаты жетіп тұрса, мемлекеттен қол жаймайды және сұрамайды. Заңсыз алды деп танылғаны не сот шешімі жоқ. Не оны қандай да бір қағаз жүзінде тергеу амалдары заңсыз пайдаға кенелгенін дәлелденген жоқ. Сондықтан көпбалалы анаға 3 жылдан кейін қойып отырған талап арыз негізсіз", -дейді ол.
Ақсу қаласы әкімінің орынбасары, бұл проблеманы оңтайлы шешеміз уәде берді. Бірақ оны қашан орындайтындарын ашып айтпады.