Оқиға

Атырау тұрғыны мұз астына түсіп кеткен досының өмірін арашалап қалды

© Sputnik / Kirill Shipitsyn / Медиабанкке өтуЛед на замерзшем озере Байкал
Лед на замерзшем озере Байкал - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Аязды күні суға кету қаупінен аман қалған жігіттерге жағада полция қызметкерлері көмек көрсетіп, жедел-жәрдем шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Атырауда Жайық өзенінің мұзы ойылып, екі жігіт судың астына кетіп қала жаздады. 
Оқиға 24 желтоқсанда болған. Мұз астына түсіп кеткен досын құтқару үшін екіншісі оның артынан суға түсті.
"Жайық өзенінің бетіндегі мұз ойылып, үстінде жүрген жігіттің батып бара жатқанын көріп досы көмекке келген. Оқиғаға куә болған тұрғындар арнайы мамандарды көмекке шақырған. Алайда екі жігіт өз күштерімен өзеннің арғы жағына өтіп, аман қалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аязды күні суға кету қаупінен аман қалған жігіттерге жағада полция қызметкерлері көмек көрсетіп, жедел-жәрдем шақырды.
Оқи отырыңыз: 
 
Жаңалықтар
0