https://sputnik.kz/20211225/2021-jyl-video-oqigalar-18984518.html
2021 жыл бір минуттық видеода – елді елең еткізген оқиғалар
2021 жыл бір минуттық видеода – елді елең еткізген оқиғалар
Sputnik Қазақстан
Биыл қазақстандықтардың өмірінде біраз өзгеріс болды. Вакцинация басталғаннан кейін карантин жеңілдетілді. Халық зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік алды... 25.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-25T15:23+0500
2021-12-25T15:23+0500
2023-08-09T16:07+0500
видео
мультимедиа
2021 жыл
оқиға
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/19/18984463_0:0:1911:1080_1920x0_80_0_0_0c0f2c22e43b4a58015041416f8b0ca3.jpg
Дегенмен, халықтың көңілін күпті еткен оқиғалар аз болмады. Қайғылы жағдайлар да қайталанды. Осыдан екі жыл бұрын астанада бес бала өрттен қайтыс болған еді. Тура сондай жағдай биыл Жамбыл облысында болды. Одан кейін АН-26 ұшағы, оның артынан Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Аяжан Еділованың өлімі де елді есеңгіретіп тастады.Түркістан облысында тауға шыққан жас жігіттерді де біраз іздедік. Өкінішке қарай, жеті баланың төртеуі қайтыс болды. Ал Шарын шатқалында жүрген сел салдарынан қайғылы жағдай болды. Жас мұғалім бір оқушыны құтқарамын деп қаза тапты. Мемлекет басшысының қаулысымен Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов "Ерлігі үшін" медалімен наградталды. Марапат оның туыстарына табысталды.Жамбыл облысында әскери қоймада жарылыс болды. Осыған байланысты елімізде тағы Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.Қыркүйек күні елді дүрліктірген тағы бір оқиға болды. Алматының Ақбұлақ шағын ауданында орналасқан жеке меншік үйдің иесі сот үкімін орындауға келген бес адамды атыс тастады. Оқиға орнында сот орындаушысы, учаскелік инспекторлар, үйдің жаңа иесі мен оның танысы мерт болды.Ал қараша айында қазақстандықтар Алматыдағы тағы бір трагедия жайлы естіді. Жас әйел үш кішкентай баласымен бірге көппәтерлі үйдің тоғызыншы қабатынан секіріп кетті. Келіншек пен екі бала оқиға орнында көз жұмса, үшінші бала жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды.Қарағанды облысындағы Абай шахтасында метан газы жарылды. Ол күні жердің астында барлығы 64 кенші болған. 56 адам шығып үлгерген. Алтауы қаза тапты, тағы екі кенші ауруханаға түсті.Sputnik Қазақстан 2021 жылда болған оқиғаларды бір минуттық видеода көрсетті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/19/18984463_59:0:1777:1080_1920x0_80_0_0_7bfa45e36cca71482173d2aec1b28858.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мультимедиа, 2021 жыл, оқиға
мультимедиа, 2021 жыл, оқиға
2021 жыл бір минуттық видеода – елді елең еткізген оқиғалар
15:23 25.12.2021 (жаңартылды: 16:07 09.08.2023) Биыл қазақстандықтардың өмірінде біраз өзгеріс болды. Вакцинация басталғаннан кейін карантин жеңілдетілді. Халық зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік алды. Мыңдаған адам баспанаға қол жеткізді. Ипотекасын жапқандар да аз емес
Дегенмен, халықтың көңілін күпті еткен оқиғалар аз болмады. Қайғылы жағдайлар да қайталанды. Осыдан екі жыл бұрын астанада бес бала өрттен қайтыс болған еді. Тура сондай жағдай биыл Жамбыл облысында болды. Одан кейін АН-26 ұшағы, оның артынан Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Аяжан Еділованың өлімі де елді есеңгіретіп тастады.
Түркістан облысында тауға шыққан жас жігіттерді де біраз іздедік. Өкінішке қарай, жеті баланың төртеуі қайтыс болды. Ал Шарын шатқалында жүрген сел салдарынан қайғылы жағдай болды. Жас мұғалім бір оқушыны құтқарамын деп қаза тапты. Мемлекет басшысының қаулысымен Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов "Ерлігі үшін" медалімен наградталды. Марапат оның туыстарына табысталды.
Жамбыл облысында әскери қоймада жарылыс болды. Осыған байланысты елімізде тағы Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
Қыркүйек күні елді дүрліктірген тағы бір оқиға болды. Алматының Ақбұлақ шағын ауданында орналасқан жеке меншік үйдің иесі сот үкімін орындауға келген бес адамды атыс тастады. Оқиға орнында сот орындаушысы, учаскелік инспекторлар, үйдің жаңа иесі мен оның танысы мерт болды.
Ал қараша айында қазақстандықтар Алматыдағы тағы бір трагедия жайлы естіді. Жас әйел үш кішкентай баласымен бірге көппәтерлі үйдің тоғызыншы қабатынан секіріп кетті. Келіншек пен екі бала оқиға орнында көз жұмса, үшінші бала жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды.
Қарағанды облысындағы Абай шахтасында метан газы жарылды. Ол күні жердің астында барлығы 64 кенші болған. 56 адам шығып үлгерген. Алтауы қаза тапты, тағы екі кенші ауруханаға түсті.
Sputnik Қазақстан 2021 жылда болған оқиғаларды бір минуттық видеода көрсетті.