Қоғам

Жеті жетімді бауырына басқан кейуана шатыры жоқ үйді паналап отыр – видео

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАрхивное фото пожилой женщины
Архивное фото пожилой женщины - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2021
Жазылу
Бір жарым ай бұрын болған дауылда үйдің төбесі қиратты. Соның салдарынан ескі тұрғын үй қабырғалары сетінеп, сылақтары түсе бастапты
НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында жеті жетімді бауырына басқан кейуана үйінді астында қаламын деп қорқып отыр. Ескі үйінің шатырын дауыл ұшырып әкеткен. Енді жаңбырдан үй төбесінің сылақтары түсіп жатыр. Есі шыққан зейнеткер енді әкімдіктен көмек сұрап жүр, деп хабарлайды Almaty.tv арнасы.
"Басты мәселем – баспана", - дейді 70 жастағы зейнеткер.
Оның туған баласы II-топтағы мүгедек. Одан туған 7 баланы бауырына басып, бас-көз болып отыр. Ал келіні екі жыл жарым жыл бұрын балаларды тастап кеткен екен.
Бір жарым ай бұрын болған дауылда үйдің төбесі қиратты. Соның салдарынан ескі тұрғын үй қабырғалары сетінеп, сылақтары түсе бастапты.
"Осы үйде, бір бөлмеде тұрып жатырмын. Анау жақтың бәрі ашылып кетті. Әнеугүні аздап жауын жауған кезде, ожау, шелек қойып, аққан суды тасумен әлек болдық. Қаттырақ жел тұрса, саусылдап топырақ түседі", – деді Дихан ауылының тұрғыны Қағаз Қалиева.
Қазіргі тұрып жатқан үйдің қабырғасы бір ғасыр бұрын қаланған. Сондықтан кейуана 5 жыл бұрын жиған-тергенімен жаңа үйдің іргетасын құйып бастапты. Әйтсе де, зейнетақысы – кемтар ұлы мен немерелеріне берілетін 180 мың теңге күнкөріс пен құрылыс материалдарына жетпей отыр.
"Маған тек осының төбесін жауып, құрығанда бір бөлмеге кіретін қылып берсе болды, қалғанын өзім істеп аламын. Бәлкім, төбесін ауыстыру керек шығар", – дейді ол.
Ауылдық округ әкімдігі арасында ақша жиып, азық түлікпен көмектесіп тұратынын айтты. Дегенмен үй салып беру әзірге қиын шаруа дейді. Сондықтан аудан басшылығына қолғабыс айтқан екен.
"Өйткені басқа мұқтаждарға басымдық берілді. Ауыл әкіміне тапсырма бердім, алдағы 2022 жылы сол кісіге басымдық беруді жоспарлап отырмыз. Ауыл ақсақалдарымен ақылдасып, асарлатамыз ба деп жоспарлап отырмыз", – деді Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Исмайыл.
Жаңалықтар
0