Саясат

Захарова ТМД елдері басшыларының бейресми саммиті туралы айтты

© Photo : Пресс-служба МИД РФ / Медиабанкке өтуОфициальный представитель Министерства иностранных дел России Мария Захарова
Официальный представитель Министерства иностранных дел России Мария Захарова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2021
Жазылу
Дәстүр бойынша көшбасшылар ұйымның ағымдағы жылғы жұмысын қорытындылап, алдағы негізгі міндеттерді анықтайды
НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан — Sputnik. Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова 28 желтоқсанда ТМД-ға мүше елдер президенттерінің бейресми кездесуінде талқыланатын мәселелер туралы айтты.
"Формат бекітілген күн тәртібін көздемейді, еркін талқылау болады. Дәстүр бойынша көшбасшылар ұйымның ағымдағы жылғы жұмысын қорытындылап, алдағы негізгі міндеттерді анықтайды", - деді Захарова жұма күнгі брифинг барысында.
Ол дәстүр бойынша ТМД шеңберіндегі көпжоспарлы өзара іс-қимылға назар аударылып, негізгі халықаралық, өңірлік мәселелер бойынша ұстанымдар салыстырылып жатқанын айтты. Кез келген тақырып талқылануы мүмкін.
Бұған дейін ТМД елдері басшыларының кездесуі 28 желтоқсанда Санкт-Петерборда өтед деп жоспарланғаны белгілі болды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейресми саммитке қатысады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Жаңалықтар
0