https://sputnik.kz/20211224/sputnik-qazaqstan-astana-fk-18977813.html
Sputnik Қазақстан мен "Астана" ФК серіктестікті ұзартты
Sputnik Қазақстан мен "Астана" ФК серіктестікті ұзартты
Sputnik Қазақстан
Ынтымақтастықтың мақсаты - спортты насихаттау, "Астана" футбол клубының қызметін жедел және сапалы көрсету 24.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-24T16:23+0500
2021-12-24T16:23+0500
2022-02-01T13:05+0500
спорт
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/18/18976050_3:0:3000:1686_1920x0_80_0_0_19a21f98674af9b2fa960dda3f863cf8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан — Sputnik. Sputnik Қазақстан Халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы және еліміздегі белгілі "Астана" футбол клубы келер жылы да ақпараттық серіктестікті жалғастырады.Тиісті келісімге "Россия сегодня" ХАА Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Виктор Панов пен "Астана" ФК бас директоры Тастанбек Есентаев Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында қол қойды."Біздің негізгі міндеттеріміздің бірі – қазақстандықтарды салауатты өмір салтына баулу. Екіншіден, "Астана" клубы еліміздің үздік футбол командаларының бірі ретінде алты дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Мұнымен қоймай, Еуропаның жетекші клубтарында сұранысқа ие болатын чемпиондарды, әлемдік футбол жұлдыздарын тәрбиелеу міндетін алға қойып отыр. Менің ойымша, біздің Sputnik Қазақстанмен серіктестігіміз алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сондай-ақ, барынша талантты балалардың спортқа назар аударуы үшін халыққа ақпарат берудің тиімді құралы болады", - деп атап өтті Тастанбек Есентаев.Sputnik Қазақстан оқырмандары "Астана" футбол клубындағы маңызды жаңалықтар мен қызықты оқиғалар туралы алғаш болып білуге мүмкіндік алады."Биыл "Астана" футбол клубымен ақпараттық серіктестіктің оң тәжірибесін ескере отырып, оны жалғастыру және кеңейту туралы шешім қабылдадық. Құжат арқылы қабылданған серіктестіктің жаңа форматтары оқырмандардың футбол туралы хабардар болуына жол ашып қана қоймай, балалар мен жастар арасында спортты насихаттауға ықпал етеді", – деп атап өтті Виктор Панов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Sputnik Казахстан и ФК "Астана" продлевают информационное партнерство
Sputnik Қазақстан
Sputnik Казахстан и ФК "Астана" продлевают информационное партнерство
2021-12-24T16:23+0500
true
PT0M57S
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/18/18976050_389:0:2637:1686_1920x0_80_0_0_13d83ed2a6d798bbf9ec383e06996384.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Sputnik Қазақстан мен "Астана" ФК серіктестікті ұзартты
16:23 24.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Ынтымақтастықтың мақсаты - спортты насихаттау, "Астана" футбол клубының қызметін жедел және сапалы көрсету
НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан — Sputnik. Sputnik Қазақстан Халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы және еліміздегі белгілі "Астана" футбол клубы келер жылы да ақпараттық серіктестікті жалғастырады.
Тиісті келісімге "Россия сегодня" ХАА Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Виктор Панов пен "Астана" ФК бас директоры Тастанбек Есентаев
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында қол қойды.
"Біздің негізгі міндеттеріміздің бірі – қазақстандықтарды салауатты өмір салтына баулу. Екіншіден, "Астана" клубы еліміздің үздік футбол командаларының бірі ретінде алты дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Мұнымен қоймай, Еуропаның жетекші клубтарында сұранысқа ие болатын чемпиондарды, әлемдік футбол жұлдыздарын тәрбиелеу міндетін алға қойып отыр. Менің ойымша, біздің Sputnik Қазақстанмен серіктестігіміз алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сондай-ақ, барынша талантты балалардың спортқа назар аударуы үшін халыққа ақпарат берудің тиімді құралы болады", - деп атап өтті Тастанбек Есентаев.
Sputnik Қазақстан оқырмандары "Астана" футбол клубындағы маңызды жаңалықтар мен қызықты оқиғалар туралы алғаш болып білуге мүмкіндік алады.
"Биыл "Астана" футбол клубымен ақпараттық серіктестіктің оң тәжірибесін ескере отырып, оны жалғастыру және кеңейту туралы шешім қабылдадық. Құжат арқылы қабылданған серіктестіктің жаңа форматтары оқырмандардың футбол туралы хабардар болуына жол ашып қана қоймай, балалар мен жастар арасында спортты насихаттауға ықпал етеді", – деп атап өтті Виктор Панов.