Қоғам

Сот Хаменованың не себепті қайтадан қамауға алынғанын түсіндірді

© Photo : Facebook / Бакытгуль ХаменоваБахыткуль Хаменова
Бахыткуль Хаменова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2021
Жазылу
Сот алқасы Бақытгүл Хаменованың сот процесіне қатысушыларға қысым жасауы мүмкін екенін ескерді
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Сот Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты бұлтартпау шарасының өзгеру себебін түсіндірді.
Айта кетері, бұған дейін ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген шенеунікке сотты үй қамауында күтуге рұқсат берілді, алайда 22 желтоқсанда Хаменованың қамауға алынғаны белгілі болды. Енді ол алдағы екі айды тергеу изоляторында өткізеді.
Бақытгүл Хаменованы тұтқындау туралы Атырау облысының прокуратурасы өтініш білдірген.
"Сот алқасы Хаменованың 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінгенін ескерді. Оның басшылық қызмет атқарғанын және осы өңірде ықпалы бар екенін назарға алды. Бұл сот процесіне қатысушыларға және істі объективті тергеуге қысым көрсетуі мүмкін", - делінген Атырау облысы сотының баспасөз қызметі.
Айта кетері, 10 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев бес миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.
Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі ("қомақты мөлшерде пара алу") бойынша тергеліп жатыр.
Хаменова мен облыстың мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
Бұған дейін Атыраудың мамандандырылған тергеу соты Хаменованы үйқамаққа жіберу туралы шешім қабылдаған болатын.
"Сот күдіктінің жалғызбасты әйел екенін, Атырауда тұрғылықты мекенжайы барын, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын және бұрын сотталмағанын ескерді. Ол кішкентай екі баласын жалғыз өзі тәрбиелейді, қарт анасын бағып-қағып отыр", - деп мәлімдеді Атырау мамандандырылған тергеу соты.

Хаменованың бастығы не деді

Бұған дейін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өзінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты түсініктеме берді.
"Әрине, уайымға батырды", - деді Досмұхамбетов Хаменованың ұсталуын қалай қабылдағанын сұраған журналистерге.
"Хаменованың орнына ешкім отырған жоқ, оның қызметі әкімнің негізгі орынбасарлары арасында бөлінеді. Тергеу жүріп жатыр, барлығы тергеуден кейін белгілі болады", - деді ол.
Аймақ басшысының айтуынша, оны әлі жауап алуға шақырмаған. Орынбасары ұсталғаннан кейін онымен сөйлеспеген.
Сондай-ақ журналистер Досмұхамбетовтан Хаменова ұсталғаннан кейін отставкаға кетуге дайынсыз ба деп сұрады.
"Бұл мәселені реттейтін заң бар. Егер маған тікелей бағынышты орынбасарымның бірінің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны анықталса, онда заңға сәйкес мен кетуім керек және мен отставкаға беремін. Әріқарай мемлекет басшысы шешім қабылдайды", - деді Досмұхамбетов.
Сондай-ақ әкім орынбасарының кінәлі екеніне сене ме деген сұраққа жауап беруге қиналды.
"Тергеу жүріп жатқан кезде түсініктеме бере алмаймын", - деді Досмұхамбетов.

Бақытгүл Хаменова туралы не білеміз

Бақытгүл Хаменова 2017 жылдың көктемінде мәжіліс депутаты болып тұрған кезде әлеуметтік желіде танымал болды. Ол елордадағы Астана әуежайына сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс айтты.
Астана әуежайы 2017 жылдың маусымында Назарбаевтың құрметіне өзгертілді.
Жаңалықтар
0