Әлем

Путин Қазақстан туралы: қарым-қатынастың осы қарқыны сақталады деп сенемін

© Sputnik / Михаил Климентьев / Фотобанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин и президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев
Президент РФ Владимир Путин и президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Владимир Путин жақын болашақта Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының дамуын қалай елестететінін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин баспасөз конференциясы кезінде қазақстандық журналист Индира Бегайдардың жақын уақытта Ресей Қазақстанмен диалогта өңірлік және халықаралық ауқымдағы қандай бағытқа баса мән беретіні туралы сұрағына жауап берді.
"Қазақстан – ең жақын одақтастарымыздың бірі. Қазақстанмен бірегей қарым-қатынас қалыптасты. Олардың негізі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезінде қалыптасса, қазір жаңа президент те байланыстың осы сапасын қамтамасыз етіп отыр", - деді Путин.
Иә, расында да пандемия Қазақстанға жоспарланған іс-шараны уақытында өткізуге мүмкіндік бермеді. Бірақ Қазақстанның тұңғыш президенті де, қазіргі президенті де менің шақыруымды қабыл алып, ЕАЭО мен ҰҚШҰ мүшелерінің дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысады деп сенемін. Қазақстан билігі алдын ала келісім берді. Сондықтан қазақстандық делегация қатысады деп үміттенемін.
Ынтымақтастық бағыттарына келсек, бұл ең алдымен, экономика. Басты проблеманың бірі – біздің экономикалық байланысымыздың құрылымын өзгертіп, жоғары технологиялық даму бағыты бойынша жұмыс істеу керек. Бұл цифрландыру, генетика, медицина, ғарыш салалары. Қазақстанмен Байқоңырдағы бірлескен жұмыстарды жалғастыра береміз. Егер бірге жұмыс істейтін болсақ, онда Қазақстанның ғарыш аппаратын ұшыратын алаң қызметін ғана атқармай, әлдеқайда ауқымды іс-әрекетке араласып, осы бағыт бойынша өз әлеуетін арттыру қажеттілігі туралы оймен толық келісемін.
Біз жолдарын іздеп жатырмыз. Оларды жүзеге асыратынымызға сенімдімін.
Бізде терең гуманитарлық байланыс бар. Орыс тіліне деген құрметі мен қолдауы үшін Қазақстан билігіне алғыс білдіремін. Қазақстанда көп адам орыс тілінде сөйлейтінін өздеріңіз де білесіздер ғой. Орыс тілін оқытатын мектептер, жоғары оқу орындары филиалдарының саны артып жатыр.
Біз Қазақстанмен ҰҚШҰ-ның белсенді мүшесі ретінде де ынтымақтастық орнатқанбыз. Қазақстанға әскери жабдық пен техника Ресей ішіндегі бағамен жеткізілуіне баса мән беремін.
Қарым-қатынастың осы қарқыны мен сапасы сақталады деп сенемін.
Жаңалықтар
0