Қоғам

Қазақстанда өлім жазасы қолданылмайды – сенат заң қабылдады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание сената парламента Казахстана
Здание сената парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2021
Жазылу
Халықаралық хаттама бойынша өлім жазасын алып тастағаннан кейін оны қайта қалпына келтіруге болмайды
НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Сенат өлім жазасын жою туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 11-бабынан өлім жазасы алынып тасталады. Бұдан бөлек, өлім жазасы түсінігі, оны қолдану шарты, мораторий кезіндегі талаптар туралы арнайы бап та күшін жояды.   
"Енді ең қатаң жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру болады. Ал өлім жазасы алмастырылғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тыйым салынады. Осылайша Қазақстан өлім жазасынан толығымен бас тартады", - деді Шындалиев сенаттың жалпы отырысында.
Ал халықаралық хаттама бойынша өлім жазасын алып тастағаннан кейін оны қайта қалпына келтіруге болмайды.
"Заң жобасын қабылдау арқылы Қазақстан азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні нық сақтайтын мемлекет екенін көрсетеді. Сонымен қатар еліміз өлім жазасынан бас тартқан 106 мемлекеттің қатарына кіреді", - деп атап өтті Шындалиев.
Сенат депутаттары заңды бірауыздан қабылдап, президенттің қол қоюына жіберді.
Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаев өлім жазасына қатысты қылмыстық заңнама нормаларын халықаралық хаттамамен үйлестіруді тапсырған болатын. Ал ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында өлім жазасын толығымен алып тастау қажеттігін айтты.
Оқи отырыңыз: Конституциялық кеңес өлім жазасын алып тастауға қатысты түсініктеме берді  
Жаңалықтар
0