https://sputnik.kz/20211223/fermerler-ministr-otstavka-18972298.html
Фермерлер министрдің отставкасын талап етті – Қарашөкеевтің жауабы
Фермерлер министрдің отставкасын талап етті – Қарашөкеевтің жауабы
Sputnik Қазақстан
Ауыл шаруашылығы министрлігіне барған фермерлер құрғақшылықтан кейінгі мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау шараларына наразы 23.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-23T20:03+0500
2021-12-23T20:03+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
министр
отставка
ферма
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0c/16776392_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_4e7b7e8840958ffcb4201682019ee55f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев маңғыстаулық фермерлердің талабына жауап берді.Бұған дейін КТК арнасы фермерлердің ауыл шаруашылығы министрлігіне аяқ астынан барғанын хабарлаған. Шенеуніктерге кездесу ұйымдастыруға тура келді. Сол жерде Маңғыстау облысынан келген Әділбек Сағындықов ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі керек деп мәлімдеді."Сіз ренжімеңіз, бірақ Маңғыстаудың халқы сізге өкпелі, жұмысыңызға көңілі толмай отыр. Аймағымызға қолдау қажет. Қыстың аяқталуына екі ай қалды. Одан аман шығуымыз екіталай. Былтырмен салыстырғанда Маңғыстауда малдың төрттен бір бөлігі ғана қалды. Қалғаны қырылды немесе Ақтөбе мен Оралға сатылып кетті", - дейді фермер.Орталық коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында министр Ербол Қарашөкеев журналистерге сұхбат беріп, фермерлермен төрт сағат бойы жиналыс өткізгенін айтты. Сол жерде қолдау шаралары талқыланды.Айта кетері, ауыл шаруашылығы министрлігіне барған фермерлер құрғақшылықтан кейінгі мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау шараларына наразы. Олар қырылған малды қайта санауды талап етіп отыр. Себебі аймақта 1 700 бастан артық мал қырылды. Маңғыстау облысында шөптің бағасы да шарықтап кетті. Олай жалғаса берсе, қалған мал қырылып қалады. Шаруалар бағаны тездетіп төмендетуді сұрайды.Биыл қатты құрғақшылықтан кейін мыңдаған мал қырылды. Халықтың наразылығы күшейіп кетті. Шаруалар өз күшімен бір-біріне көмектесе бастады. Шөпті басқа аймақтардан жіберді. Осыдан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экс-министр Сапархан Омаровқа отставкаға кетуге кеңес берді. Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі қызметіне 1 қыркүйекте тағайындалған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0c/16776392_455:0:3186:2048_1920x0_80_0_0_4f1fb87756d8b97c026b1c8b986894f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министр, отставка, ферма
Фермерлер министрдің отставкасын талап етті – Қарашөкеевтің жауабы
20:03 23.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Ауыл шаруашылығы министрлігіне барған фермерлер құрғақшылықтан кейінгі мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау шараларына наразы
НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев маңғыстаулық фермерлердің талабына жауап берді.
Бұған дейін
КТК арнасы фермерлердің ауыл шаруашылығы министрлігіне аяқ астынан барғанын хабарлаған. Шенеуніктерге кездесу ұйымдастыруға тура келді. Сол жерде Маңғыстау облысынан келген Әділбек Сағындықов ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі керек деп мәлімдеді.
"Сіз ренжімеңіз, бірақ Маңғыстаудың халқы сізге өкпелі, жұмысыңызға көңілі толмай отыр. Аймағымызға қолдау қажет. Қыстың аяқталуына екі ай қалды. Одан аман шығуымыз екіталай. Былтырмен салыстырғанда Маңғыстауда малдың төрттен бір бөлігі ғана қалды. Қалғаны қырылды немесе Ақтөбе мен Оралға сатылып кетті", - дейді фермер.
Орталық коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында министр Ербол Қарашөкеев журналистерге сұхбат беріп, фермерлермен төрт сағат бойы жиналыс өткізгенін айтты. Сол жерде қолдау шаралары талқыланды.
"Мен - үкімет мүшесімен. Соған қарамастан, мені тағайындау немесе отставкаға жіберу туралы шешімді мемлекет басшысы қабылдайды", – дейді министр.
Айта кетері, ауыл шаруашылығы министрлігіне барған фермерлер құрғақшылықтан кейінгі мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау шараларына наразы. Олар қырылған малды қайта санауды талап етіп отыр. Себебі аймақта 1 700 бастан артық мал қырылды. Маңғыстау облысында шөптің бағасы да шарықтап кетті. Олай жалғаса берсе, қалған мал қырылып қалады. Шаруалар бағаны тездетіп төмендетуді сұрайды.
Биыл қатты құрғақшылықтан кейін мыңдаған мал қырылды. Халықтың наразылығы күшейіп кетті. Шаруалар өз күшімен бір-біріне көмектесе бастады. Шөпті басқа аймақтардан жіберді. Осыдан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экс-министр Сапархан Омаровқа отставкаға кетуге кеңес берді. Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі қызметіне 1 қыркүйекте тағайындалған болатын.