https://sputnik.kz/20211223/aes-aymagy-jer-silkinisi-18967110.html
АЭС аймағында жер сілкінісі болуы мүмкін бе – министр жауап берді
АЭС аймағында жер сілкінісі болуы мүмкін бе – министр жауап берді
Sputnik Қазақстан
АЭС құрылысы үшін қаралып жатқан жерлерде адамдар тұрмайды. Бірақ жанында елді мекендер орналасқан 23.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-23T14:35+0500
2021-12-23T14:35+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
жер сілкінісі
министр
https://sputnik.kz/img/1258/29/12582994_0:149:1616:1058_1920x0_80_0_0_daeeb1d44eac545886467f40add63482.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. АЭС салынатын жерді таңдау кезінде құтқарушылардың ұсынысы ескерілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министр Ильиннің айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы да АЭС салынатын аймақ ретінде қарастырылып отыр. Әзірше, нақты шешім қабылданған жоқ.Оның сөзіне қарағанда, АЭС құрылысы үшін қаралып жатқан жерлерде адамдар тұрмайды. Бірақ жанында елді мекендер орналасқан."Осы алаңдар жоғары сейсмикалық белсенділігі бар аймақтарға кірмейді. Сондықтан жер сілкіну қаупі жоқ. Сол сияқты сел жүру немесе таудың опырылуы сияқты қауіп-қатер де жоқ. Осы жерлерді таңдағанда төтенше жағдайлар министрлігінің ұсынысы ескерілген болатын", - деп атап көрсетті Ильин.Бұған дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев атом электр станциясын Алматы облысында салудың тиімді тұсын атаған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1258/29/12582994_154:0:1594:1080_1920x0_80_0_0_0100519c7874fc84f96bd97e70ed21be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жер сілкінісі, министр
АЭС аймағында жер сілкінісі болуы мүмкін бе – министр жауап берді
14:35 23.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) АЭС құрылысы үшін қаралып жатқан жерлерде адамдар тұрмайды. Бірақ жанында елді мекендер орналасқан
НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. АЭС салынатын жерді таңдау кезінде құтқарушылардың ұсынысы ескерілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр Ильиннің айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы да АЭС салынатын аймақ ретінде қарастырылып отыр. Әзірше, нақты шешім қабылданған жоқ.
"Біздің министрлік те алаңды таңдау жұмысына қатысып жатыр. Нақты шешім шығарылғаннан кейін сол алаң бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді. Сол кезде төтенше жағдайлар министрлігінің құзіретіне кіретін мәселелер де ескеріледі", - деді Ильин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, АЭС құрылысы үшін қаралып жатқан жерлерде адамдар тұрмайды. Бірақ жанында елді мекендер орналасқан.
"Осы алаңдар жоғары сейсмикалық белсенділігі бар аймақтарға кірмейді. Сондықтан жер сілкіну қаупі жоқ. Сол сияқты сел жүру немесе таудың опырылуы сияқты қауіп-қатер де жоқ. Осы жерлерді таңдағанда төтенше жағдайлар министрлігінің ұсынысы ескерілген болатын", - деп атап көрсетті Ильин.
Бұған дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев атом электр станциясын Алматы облысында салудың
тиімді тұсын атаған болатын.