Өңірлер

Шымкентте жедел жәрдем жүргізушілері ереуілге шықты

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи в пробке
Автомобиль скорой помощи в пробке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2021
Жазылу
Көлік жүргізушілері жалақының аз екенін айтып, күнделікті бетпе-бет келетін мәселені көтерді
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте жедел жәрдем станциясының жүргізушілері 22 желтоқсанда ереуілге шықты. Қызметкерлер жалақыны көтеруді талап етті және жаппай жұмыстан шығатындарын айтып қорқытты.
Көлік жүргізушілерінің айтуынша, оларға көліктерді өз қаражатына жөндетіп, жанармай құюға мәжбүрлейді. Алайда әкімшілік бұл айыптауларды жоққа шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Мұнда жұмыс істейтіндердің 90%-інің  кредиті бар, жалақы мүлдем жетпейді. Азық-түлік алу керек, балалар ауырады, дәрі сатып алу қажет. Жақсы өмірден ереуілге шығып жатқан жоқпыз", - деп мәлімдеді қалалық жедел жәрдем сатнциясының жүргізушісі Данияр Қосаев.
Ол мұнда 10 жылдан бері жұмыс істейді. Оның айтуынша, небәрі 70 мың теңге жалақы алады.
Оның сөзінше, қызметтік көлікке де ақша жұмсауға мәжбүр. Қызметкерлердің айтуынша, жол қозғалысы ережелерін бұзуға мәжбүр болғанда келетін айыппұлды есептемегенде, көлікке жанармайды өз қалтасынан құюға тура келеді.
Сондай-ақ жүргізушілер қарашада зейнетақы төлемі берілмегенін айтты.
"Иә, қарашада зейнетақы төлемін аудара алмадық, себебі мұндай жағдайда жалақыға ақша жетпей қалатын еді. Ал қосалқы бөлшектерге қатысты біз 12 миллион теңге бөлдік. Қажетті заттың бәрін сатып алдық. Ал олардың көлікті өз қаражатына жөндейтінін өздерінен бірінші рет естіп тұрмын. Бұл – жала!", - дейді қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнәр Құрманбекова.
Жедел жәрдем станциясы басшылығының қарамағындағы қызметкерлермен жанжалдасу ойында жоқ. Ал жалақыны көтеру мәселесі министрлік деңгейінде шешіледі, деп айтты әкімшілік.
Оқи отырыңыз: Кезекшілікте көз жұмған жедел жәрдем қызметкерлерінің марапаты туыстарына табысталды 
Жаңалықтар
0