Банан, вакцина және қоқыс: әлемде шыршаны неден жасайды – фото
Банан, вакцина және қоқыс: әлемде шыршаны неден жасайды – фото
Sputnik Қазақстан
Жаңа жыл мейрамының басты символы – шырша құру және оны безендіру барынша қызу жүріп жатыр. Әр құрлықтағы әр қалада адамдар жылы климатқа қарамастан бар... 23.12.2021, Sputnik Қазақстан
Жаңа жыл қарсаңында шырша құру жер бетіндегі барлық адамға таныс дәстүр екені сөзсіз. Алайда көп елдің экобелсенділері мереке үшін шырша және басқа да қылқан жапырақты ағашты кесуге қарсылық танытып отыр. Жасанды шыршалар экологияның сақталуына оң ықпал етуі керек еді. Бірақ жасанды шырша өндірісінің экологияға зияны орасан зор деп бағаланды.Ағаштарды сақтау және атмосфераға шығатын зиянды заттар көлемін азайту деген екі таңдаудың ортасында қалған адамдар бұл мәселені шешу үшін фантазияның көмегіне жүгінді. Оның нәтижесін суреттер топтамасынан көріңіз.
Жаңа жыл мейрамының басты символы – шырша құру және оны безендіру барынша қызу жүріп жатыр. Әр құрлықтағы әр қалада адамдар жылы климатқа қарамастан бар фантазиясын іске қосып, ерекше шырша құруға ұмтылады
Жаңа жыл қарсаңында шырша құру жер бетіндегі барлық адамға таныс дәстүр екені сөзсіз.
Алайда көп елдің экобелсенділері мереке үшін шырша және басқа да қылқан жапырақты ағашты кесуге қарсылық танытып отыр. Жасанды шыршалар экологияның сақталуына оң ықпал етуі керек еді. Бірақ жасанды шырша өндірісінің экологияға зияны орасан зор деп бағаланды.
Ағаштарды сақтау және атмосфераға шығатын зиянды заттар көлемін азайту деген екі таңдаудың ортасында қалған адамдар бұл мәселені шешу үшін фантазияның көмегіне жүгінді. Оның нәтижесін суреттер топтамасынан көріңіз.
Ирактың Каракош қаласында адамдар іші бос жаңа жылдық алып шырша жанында тұр. Бұл қала Ниневия провинциясында, Мосулдан шамамен 30 километр қашықтықта орналасқан.
Жұмысшылар Бордодағы Сент-Андре соборының алдындағы Пей-Берланд алаңында француз дизайнері Арно Лапьер жобасы бойынша болаттан (қайта өңдеуге жарамды) және шыныдан (қайта өңделген) құрастырылған ұзындығы 11 метр болатын шырша орнатып жатыр.
Рио-де-Жанейроның Лапа ауданында Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің қызметкері COVID-19 және тұмауға қарсы вакцина құтыларынан жасалған шыршаны көрсетіп тұр. Медицина саласының қызметкерлері бұл шыршаны жергілікті тұрғындардың вакцинация туралы хабардар болуын арттыру мақсатында құрастырғанмен, жасыл желектің суреті Твиттерде кеңінен тарап, ел назарын аударды.
Нью-Джерси штатындағы Эсбери-Парк конференция залында шырша бейнесіндегі картоннан жасалған бұл инсталляция көпке қуаныш сыйлағанмен, жасыл желекті шынайы шыршаны аңсайтындар да табылды.
Сан-Сальвадорда ел президенті Найиб Букеле үкіметінің биткоин пайдалану және оны қолдану мерзімін ұзартуға бағытталған құқықтық реформалар енгізуге наразылық шарасы ретінде белсенділер шыршаға баннер іліп жатыр.
Әнші Бритнис Спирстің өнеріне табынушы әйел Лос-Анджелес сотының ғимараты алдында фанаттар орнатқан "Тәуелсіз Бритни" жаңа жылдық шыршасының жанында суретке түсіп тұр.
Бухарестегі вакцина орталығында коронавирусқа қарсы екпенің босаған 19 мың контейнерінен шырша құрастырылды. Бұл шыршаның биіктігі үш метрге жетеді. Кейбір флаконның ішіне диодты шамдар салынған. Осы жобаны іске асыру үшін олар 2021 жылдың наурызынан бастап флакон жинаған.