Нұр-Сұлтан әкімдігі жалдамалы баспана алған жастардың тізімін жариялады
17:49 22.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022)
© Sputnik / Антон Денисов
/ Жазылу
Конкурстан өткен жастарға 800 пәтер бөлінеді, олар жеңілдетілген бағамен жалға алады, бірақ сатып ала алмайды
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Елордада 2021 жылға арналған "Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана" тұрғын үй бағдарламасының нәтижесі жарияланды. Бағдарлама бойынша өткендердің арасында екі көппәтерлі тұрғын үйде орналасқан 800 пәтер бөлінеді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Биыл "Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасына қатысуға 4863 адам өтінім берді, олардың 800-і жақын арада пәтер кілтін алады.
Нұр-Сұлтанда бағдарлама бойынша өткендердің тізімі zhilfond.kz сайтында жарияланған.
Үш тізім жасалды: іріктеуден өткен (ең төменгі шекті балл – 20),
резерв (өтінім беруші негізгі талаптарға сай келеді, бірақ балл бойынша өтпеген және егер баспана алғандардың бірі бас тартса, онда резервтік тізімнен өтінім берушілер қабылданады), іріктеуден өтпегендер (qatysu.zhilfond.kz порталындағы жеке кабинет арқылы не үшін өтпегенін білуге болады).
резерв (өтінім беруші негізгі талаптарға сай келеді, бірақ балл бойынша өтпеген және егер баспана алғандардың бірі бас тартса, онда резервтік тізімнен өтінім берушілер қабылданады), іріктеуден өтпегендер (qatysu.zhilfond.kz порталындағы жеке кабинет арқылы не үшін өтпегенін білуге болады).
213 пәтер Кенесары және Сембинов көшелерінің қиылысында орналасқан, оның ішінде:
- 1 бөлмелі пәтерлер – 144. Жалпы ауданы: 40,0 - 49,5 м2.
- 2 бөлмелі пәтерлер – 69. Жалпы ауданы: 56,7 - 58,7 м2.
Тағы 587 пәтер Абылай хан, Б. Момышұлы және Р. Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан, оның ішінде:
- 1 бөлмелі пәтер – 378. Жалпы ауданы: 40,0 - 48,8 м2.
- 2 бөлмелі пәтерлер – 209. Жалпы ауданы: 55,9 - 57,5 м2 .
Өтінім берген қатысушылар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізілді, пәтерлерді бөлу өтініш берушінің отбасы құрамына және жинаған балына сәйкес жүргізіледі.
Бағдарламаның барлық қатысушысына "Іріктеуден өтті", "Резерв" немесе "Бас тартылды" деген смс-хабарлама жіберілді.
Бағдарлама бойынша өткендер үшін қоныстандыру уақыты мен күні, пәтердің мекенжайы туралы ақпарат қосымша хабарланады және qatysu.zhilfond.kz порталындағы жеке кабинетте орналастырылады.