https://sputnik.kz/20211222/zeynetaqy-zhinagyn-qyzmet-18956578.html
Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты тағы бір қызмет іске қосылды
Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты тағы бір қызмет іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Жерді екі мақсатта ғана алуға болады. Порталда арнайы батырма енгізілді 22.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-22T14:21+0500
2021-12-22T14:21+0500
2022-02-01T13:05+0500
зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу
экономика
зейнетақы жинағы
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18632903_0:150:1921:1230_1920x0_80_0_0_2eb8e6423ba21f96095e296630602f53.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Зейнетақы жинағының шекті мөлшерінен асатын ақшаға жер телімін сатып алуға болады. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Біз бүгін осы опцияны іске қостық. Енді зейнетақы жинағының бір бөлігіне жер телімін сатып алуға болады. Порталда арнайы батырма енгізілді", - деді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.Оның айтуынша, бұған дейін зейнетақы жинағының қаржысына жекеменшік үй салуға рұқсат берілген. Алайда салымшылардың көбісі үй салу үшін алдымен жер телімін сатып алу қажеттігін айтқан.Барлық құжат enpf-otbasy.kz порталындағы жеке кабинет арқылы жіберіледі."Екі-ақ құжатты жіберу керек. Біреуі – үйді пайдалануға беру актісі, екіншісі – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық пен оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама", - дейді Ибрагимова.Ал екі жылдың ішінде үй салынбаса, ақшаны қайтаруға тура келеді. Алайда құжат рәсімдеу жағынан қиындықтар туындаған жағдайда қосымша уақыт берілуі мүмкін.Оқи отырыңыз: Депутаттар "жеткілікті шекті" қайта есептеп, кінәлілерді жазалауды талап етті
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18632903_40:0:1879:1379_1920x0_80_0_0_8f54322bf11e8b63294430f7f30abccf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу, зейнетақы жинағы
зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу, зейнетақы жинағы
Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты тағы бір қызмет іске қосылды
14:21 22.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жерді екі мақсатта ғана алуға болады. Порталда арнайы батырма енгізілді
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Зейнетақы жинағының шекті мөлшерінен асатын ақшаға жер телімін сатып алуға болады. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз бүгін осы опцияны іске қостық. Енді зейнетақы жинағының бір бөлігіне жер телімін сатып алуға болады. Порталда арнайы батырма енгізілді", - деді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, бұған дейін зейнетақы жинағының қаржысына жекеменшік үй салуға рұқсат берілген. Алайда салымшылардың көбісі үй салу үшін алдымен жер телімін сатып алу қажеттігін айтқан.
"Міне, зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану аясында жер телімін сатып алу мүмкіндігі беріліп отыр. Жерді екі мақсатта ғана алуға болады. Жеке тұрғын үй құрылысына немесе жеке қосалқы шаруашылыққа. Екі жылдың ішінде үй салып, банкке тиісті құжаттарды жіберу керек", - деп түсіндірді Ибрагимова.
Барлық құжат
enpf-otbasy.kz порталындағы жеке кабинет арқылы жіберіледі.
"Екі-ақ құжатты жіберу керек. Біреуі – үйді пайдалануға беру актісі, екіншісі – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық пен оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама", - дейді Ибрагимова.
Ал екі жылдың ішінде үй салынбаса, ақшаны қайтаруға тура келеді. Алайда құжат рәсімдеу жағынан қиындықтар туындаған жағдайда қосымша уақыт берілуі мүмкін.