Оқиға

Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

CC0 / Wokandapix / Подросток за забором, архивное фото
Подросток за забором, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2021
Жазылу
Ондаған ерікті бірнеше күн бұрын жоғалған 14 жастағы оқушыны іздеген болатын. Оның мәйіті өз ауылында табылды
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан — Sputnik. 14 жастағы Рүстем Жанболаттың денесі Түркістан облысы Шұбарсу ауылындағы септиктен табылды. Бала бірнеше күн бұрын жоғалып кетті.
Жасөспірім 19 желтоқсанда түстен кейін үйден шығып, қайтып оралмаған, деп жазады жергілікті Otyrar порталы.
Туыстары мен "Лидер" қозғалысының еріктілері 14 жастағы баланы іздеді. Олар барлық әлеуметтік желілерде көмек сұрап, ақпарат таратты. Шымкентте жоғалған адамдарды іздеу бойынша "Лидер" қозғалысының үйлестірушісі Людмила Герасимованың айтуынша, баланы іздеу 21 желтоқсанның түніне дейін жалғасты.
"Еріктілер, Шымкент полициясы, баланың туыстары бірге іздестірді. Бұған дейін бізге хабарламаны көрген қыз қоңырау шалып, баланы 112-ші кварталдағы 75-ші мектепке көлікпен жеткізгенін айтты. Біз сол жерге бардық. Бірақ сол кезде бізге бала өзі тұрған Шұбарсу ауылындағы септикте өлі табылғанын хабарлады", - дейді ол.
Сондай-ақ, қозғалыс үйлестірушісі баланың анасы жоқ екенін, әжесі мен атасы тәрбиелегенін айтты. Марқұмның әкесі туралы ақпарат жоқ.
Жаңалықтар
0