Қоғам

Әскерге шақырылғандар туралы цифрлық мәлімет дайындалады

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиВесенняя призывная кампания
Весенняя призывная кампания - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2021
Жазылу
Онда жас сарбаз туралы толық ақпарат, соның ішінде оның психологиялық денсаулығы жайлы мәлімет жинақталады
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрлігі әскерге шақырылғандардың цифрлық профилін дайындап жатыр. Бұл туралы мәжілістегі жиыннан кейін тілшілердің сұрағына жауап берген министрдің орынбасары Дарын Тұяқов мәлімдеді.
Журналистер министрдің орынбасарынан Қазақстан армиясында жас сарбаздар арасындағы қайғылы жағдайдың азаймау себебін сұрады.
Тұяқов бұл бағытта жергілікті билік ата-аналармен бірлесіп белсенді жұмыс жүргізуі керек екенін айтты.
"Балалар да әртүрлі, ата-ана да әртүрлі болады. Біздің елдің аумағы үлкен, сондықтан көші-қон да ауқымды. Сол себепті бұл жұмысты жүйелі жүргізу мүмкін емес. Қазір біз әскерге шақырылған азаматтың цифрлық профилін дайындап жатырмыз. Ол профильде оның қандай спорт түрлерімен әуестенетіні, математика немесе физика сынды қай бағытта белсенді айналысатыны туралы жазылады", - деді Дарын Тұяқов.
Ол жас сарбаздың цифрлық профилінде оның өз-өзіне қол жұмсауға бейімділігіне талдау жасалатынын айтты.
"Суицидке бейімділікті жергілікті билік ерте кезеңде анықтап, ол туралы қорғаныс ведомстволарына хабарлауға тиісті. Сонда елде суицид жағдайы болмайды және сарбаздардың әскерге дайындықсыз келуі туралы мәселе туындамайды", - деп нақтылады ол.
Еске салсақ, осы жылдың қазанында Теміртауда сарбаздың қаза табуы қоғамда қызу талқыланды. Қайғылы оқиға Ұлттық гвардияның №5516 әскери бөліммінде болған. 21 қазанда 20 жастағы сарбаз Сержан Оңғар ауыр жарақат алған күйде табылды.
Оны күзет орнынан тауып, бірден ауруханаға жеткізген. Бірақ сарбазды аман алып қалу мүмкін болмады. Алдын ала мәлімет бойынша әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсаған.
Жаңалықтар
0