https://sputnik.kz/20211222/pavlodar-qonys-ui-18951966.html
Павлодар облысына қоныс аударғандар үйлерінде тоңып отыр – видео
Павлодар облысына қоныс аударғандар үйлерінде тоңып отыр – видео
Sputnik Қазақстан
Оңтүстіктен Павлодар облысына қоныс аударған отбасылар жылуы нашар және су жиі тоқтайтын үйлерге орналасты 22.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-22T09:49+0500
2021-12-22T09:49+0500
2022-02-02T09:48+0500
өңірлер
павлодар облысы
қоныс аударушылар
үйлер
видео
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_eb58dabc4da71f63501679a75acecbd0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан — Sputnik. "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Павлодар облысына келгендер өздеріне ұсынылған жалдамалы баспананың сапасына шағымданып жатыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.Жалақысы жоғары жұмыс пен қолайлы пәтер уәде еткен соң, 30 отбасы оңтүстіктен Ленин аулына көшіп келді. Қоныс аударушылар үшін арнайы жөнделген жаңа үйде көктем мен жазда ештеңе мазаламаған. Бірақ қыс келген шақтан бастап үйдегі ауа температурасы 12 градустан көтерілмей, су жиі тоқтап, қабырғаны көк баса бастаған."Уәде бергенмен, еш шара қабылдамай отыр. Келеді, көреді де кетеді. Септикті біршама реттеді, ал екі пештің біреуі ғана жұмыс істеп тұр", - дейді Ленин аулының тұрғыны, бес баланың анасы Гүлдана Аханова.Жұмыспен қамту орталығындағылар бағдарлама бойынша қоныс аударушылар ұсынылған баспанадан бас тартып, басқа үйді таңдауға құқылы екенін жеткізді. Мемлекет бір жыл бойы пәтердің жалға алу ақысын төлейді."Баспаналарға орналасу кезінде олардың әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс істедік, қарап шықты, өтініш тек өздерінің келісімен жазылды. Біз оларды шет қалдырып отырған жоқпыз, мердігер мекемелер де, жылуға жауапты мекеме де тексеріп, бақылап отыр", - деді Павлодардағы жұмыспен қамту орталығының иректоры Динара Ағзамова."Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар арасында Павлодар облысы жоғары сұранысқа ие. Бір жылдың ішінде бұл өңірге 3 мыңға жуық адам көшіп келді. Алайда Ленин ауданына қоныс аударған 30 отбасының бесеуі оңтүстікке қайта көшіп кетті.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_9eae630ab3940dd5205e50ab42c83bb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, қоныс аударушылар, үйлер
павлодар облысы, қоныс аударушылар, үйлер
Павлодар облысына қоныс аударғандар үйлерінде тоңып отыр – видео
09:49 22.12.2021 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Оңтүстіктен Павлодар облысына қоныс аударған отбасылар жылуы нашар және су жиі тоқтайтын үйлерге орналасты
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан — Sputnik. "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Павлодар облысына келгендер өздеріне ұсынылған жалдамалы баспананың сапасына шағымданып жатыр, деп хабарлайды
"Астана" телеарнасы.
Жалақысы жоғары жұмыс пен қолайлы пәтер уәде еткен соң, 30 отбасы оңтүстіктен Ленин аулына көшіп келді. Қоныс аударушылар үшін арнайы жөнделген жаңа үйде көктем мен жазда ештеңе мазаламаған. Бірақ қыс келген шақтан бастап үйдегі ауа температурасы 12 градустан көтерілмей, су жиі тоқтап, қабырғаны көк баса бастаған.
"Уәде бергенмен, еш шара қабылдамай отыр. Келеді, көреді де кетеді. Септикті біршама реттеді, ал екі пештің біреуі ғана жұмыс істеп тұр", - дейді Ленин аулының тұрғыны, бес баланың анасы Гүлдана Аханова.
Жұмыспен қамту орталығындағылар бағдарлама бойынша қоныс аударушылар ұсынылған баспанадан бас тартып, басқа үйді таңдауға құқылы екенін жеткізді. Мемлекет бір жыл бойы пәтердің жалға алу ақысын төлейді.
"Баспаналарға орналасу кезінде олардың әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс істедік, қарап шықты, өтініш тек өздерінің келісімен жазылды. Біз оларды шет қалдырып отырған жоқпыз, мердігер мекемелер де, жылуға жауапты мекеме де тексеріп, бақылап отыр", - деді Павлодардағы жұмыспен қамту орталығының иректоры Динара Ағзамова.
"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар арасында Павлодар облысы жоғары сұранысқа ие. Бір жылдың ішінде бұл өңірге 3 мыңға жуық адам көшіп келді. Алайда Ленин ауданына қоныс аударған 30 отбасының бесеуі оңтүстікке қайта көшіп кетті.