https://sputnik.kz/20211222/kazakstan-munay-ondiru-18952488.html
Мұнай өндіру көлемі артады: министр жобаларды таныстырды
Мұнай өндіру көлемі артады: министр жобаларды таныстырды
Sputnik Қазақстан
Осы жылдың соңына дейін мұнай өндіру көлемі 85,7 миллион тоннаға жетеді деп жоспарланып отыр 22.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-22T10:18+0500
2021-12-22T10:18+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
мұнай
өндіріс
жоба
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0e/15195086_0:869:1873:1923_1920x0_80_0_0_36514f1dfb059e6c4357ed0a53ac4f02.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан - Sputnik. 2030 жылға қарай Қазақстан мұнай өндіруді қазіргі 85,7 миллион тоннадан 104,2 миллион тоннаға дейін арттырады, деп хабарлады энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.Министрдің айтуынша, бірқатар жобалардың арқасында мұнай өндіру бойынша белгіленген көрсеткішке жету мүмкін болады. Олардың қатарында болашақта Теңіз кен орнындағы өндіру аумағын кеңейту жобасы бар. Бұл 2024 жылдан бастап мұнай өндіруді жылына 12 миллион тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.Тағы бір жоба Қарашығанақ кен орнындағы өндіру деңгейін сақтауға бағытталған. Соның арқасында мұнай өндіру жылына 11-12 миллион тонна деңгейінде сақталады.Үшіншіден, кезекті жоба Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыттарын салуды қарастырады. Бұл жоспар 3 миллиард текше метр тауар газын өндіруге және мұнай өндіруді жылына 16-дан 20 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.Мырзағалиевтың айтуынша, осы жылы Каспий теңізіндегі Хазар және Қаламқас-теңіз кен орындарын игеру жобасы бойынша жұмыстар басталды. Ол 2028 жылдан бастап жылына 4 миллион тонна мұнай өндіруге ықпал етеді.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0e/15195086_11:725:1775:2048_1920x0_80_0_0_a40f68e96a86c9731066a0bb4980d834.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, өндіріс, жоба
Мұнай өндіру көлемі артады: министр жобаларды таныстырды
10:18 22.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Осы жылдың соңына дейін мұнай өндіру көлемі 85,7 миллион тоннаға жетеді деп жоспарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан - Sputnik. 2030 жылға қарай Қазақстан мұнай өндіруді қазіргі 85,7 миллион тоннадан 104,2 миллион тоннаға дейін арттырады, деп хабарлады энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.
"2021 жылдың соңына қарай мұнай өндіру көлемі 85,7 миллион тоннаға, экспорт - 67,6 миллион тоннаға жетеді деп көзделіп отыр. Жоспар бойынша елімізде мұнай өндіру көлемі артып, 2030 жылға қарай 104,2 миллион тоннаға жетеді", - деді Мырзағалиев үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, бірқатар жобалардың арқасында мұнай өндіру бойынша белгіленген көрсеткішке жету мүмкін болады. Олардың қатарында болашақта Теңіз кен орнындағы өндіру аумағын кеңейту жобасы бар. Бұл 2024 жылдан бастап мұнай өндіруді жылына 12 миллион тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.
Тағы бір жоба Қарашығанақ кен орнындағы өндіру деңгейін сақтауға бағытталған. Соның арқасында мұнай өндіру жылына 11-12 миллион тонна деңгейінде сақталады.
Үшіншіден, кезекті жоба Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыттарын салуды қарастырады. Бұл жоспар 3 миллиард текше метр тауар газын өндіруге және мұнай өндіруді жылына 16-дан 20 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Мырзағалиевтың айтуынша, осы жылы Каспий теңізіндегі Хазар және Қаламқас-теңіз кен орындарын игеру жобасы бойынша жұмыстар басталды. Ол 2028 жылдан бастап жылына 4 миллион тонна мұнай өндіруге ықпал етеді.