https://sputnik.kz/20211222/jeli-toqaev-baspasoz-jarnama-18955005.html
Желіде Тоқаевтың баспасөз хатшысы атынан жалған жарнама тарап жатыр
Желіде Тоқаевтың баспасөз хатшысы атынан жалған жарнама тарап жатыр
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік желілерде жарнамасы тараған мемлекеттік бағдарлама жоқ. Алаяқтар сілтемеге басқан адамдардың жеке ақпаратын біліп алады 22.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-22T12:05+0500
2021-12-22T12:05+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
желі
қасым-жомарт тоқаев
баспасөз
хатшы
жарнама
https://sputnik.kz/img/548/26/5482603_0:155:4693:2794_1920x0_80_0_0_ceb98a60a3ff2ff3d1c024ceb6ebb836.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан — Sputnik. Әлеуметтік желілерде Halyk Bank бір ұйыммен бірлесіп, қазақстандықтарға инвестициялармен айналысуға мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік бағдарламаны іске қосқаны туралы жарнама шықты. Бағдарлама туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлағандай көрсетілген. Алайда бұл жалған ақпарат, деп жазады stopfake.kz.Мұндай мемлекеттік бағдарламаның іске қосылғаны туралы БАҚ-та да, мемлекеттік органдардың ресми ресурстарында да хабарланбаған.Жарнамада логотипі қолданылған KTK телеарнасының ресми сайтында Берік Уәлидің осы тақырыпта жасаған мәлімдемесі туралы еш нәрсе айтылмаған.Сондай-ақ, Берік Уәлидің Facebook-тағы ресми парақшасында инвестицияларға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы хабарламалар жоқ. Halyk Bank сайтында да, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында да банктің ірі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыратыны туралы ақпарат жоқ. Ұлттық экономика министрлігінің порталында да мұндай бағдарлама жайлы жазылмаған.Алаяқтар сілтемеге басқан адамдардың жеке парақшаларының логиндері мен құпиясөзін, жеке деректерді, төлем карталарының деректерін, тіпті жеке куәліктердің, төлқұжаттардың нөмірлерін алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/548/26/5482603_34:0:4205:3128_1920x0_80_0_0_a281e61f406a5bab437ad1e6b36292b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
желі, қасым-жомарт тоқаев, баспасөз, хатшы, жарнама
желі, қасым-жомарт тоқаев, баспасөз, хатшы, жарнама
Желіде Тоқаевтың баспасөз хатшысы атынан жалған жарнама тарап жатыр
12:05 22.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Әлеуметтік желілерде жарнамасы тараған мемлекеттік бағдарлама жоқ. Алаяқтар сілтемеге басқан адамдардың жеке ақпаратын біліп алады
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан — Sputnik. Әлеуметтік желілерде Halyk Bank бір ұйыммен бірлесіп, қазақстандықтарға инвестициялармен айналысуға мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік бағдарламаны іске қосқаны туралы жарнама шықты. Бағдарлама туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлағандай көрсетілген. Алайда бұл жалған ақпарат, деп жазады
stopfake.kz.
Мұндай мемлекеттік бағдарламаның іске қосылғаны туралы БАҚ-та да, мемлекеттік органдардың ресми ресурстарында да хабарланбаған.
Жарнамада логотипі қолданылған KTK телеарнасының ресми сайтында Берік Уәлидің осы тақырыпта жасаған мәлімдемесі туралы еш нәрсе айтылмаған.
Сондай-ақ, Берік Уәлидің Facebook-тағы ресми парақшасында инвестицияларға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы хабарламалар жоқ. Halyk Bank сайтында да, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында да банктің ірі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыратыны туралы ақпарат жоқ. Ұлттық экономика министрлігінің порталында да мұндай бағдарлама жайлы жазылмаған.
"Таратылған жарнамалық ақпарат фейк. Онда айтылған мемлекеттік бағдарлама жоқ. Жарнамада алаяқтықтың белгісі бар, алаяқтар адамның немесе компаниялардың атын жамылып, пайдаланушыларды фишингтік сайттарға кіруге шақырады", - делінген хабарламада.
Алаяқтар сілтемеге басқан адамдардың жеке парақшаларының логиндері мен құпиясөзін, жеке деректерді, төлем карталарының деректерін, тіпті жеке куәліктердің, төлқұжаттардың нөмірлерін алады.