Өңірлер

Көкшетауда ауруханадан қашып кеткен бала табылды

© Photo : DevanathМальчик стоит на фоне заката, иллюстративное фото
Мальчик стоит на фоне заката, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2021
Жазылу
Жоғалған баланы іздеуге Көкшетау полициясының 150-ден астам қызметкері жұмылдырылды
КӨКШЕТАУ, 22 желтоқсан – Sputnik. Көкшетауда жоғалған 12 жастағы бала аялдамадан аман-есен табылды. Бала медицина орталығында дәрігерге көрініп жатқан кезде қашып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Баланы жоғалып кеткеннен кейін жеті сағат өткен соң Көкшетау қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Жанат Шәріпов тауып алған.  
"Ол баланы ата-анасына тапсырды. Анасымен ұрсысып қалған бала қашып кеткен. Бала "Бурабай" спорт кешенінің жанындағы аялдамадан табылды. Қазіргі уақытта баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кәмелетке толмаған баланы ​​іздеуге 150-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды, оның ішінде 11 криминалдық полиция қызметкері, ювеналды полиция тобының 23 қызметкері, учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция батальонының жеке құрамы бар.  
Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылы туған бала Зеренді ауданында тұрады. Ол бүгін сағат 12-лер шамасында анасымен бірге Көкшетаудағы медицина диспансері ғимаратында қабылдауда болған. Бала анасынан қашып кеткен.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0