https://sputnik.kz/20211222/Kokshetau-ana-bala-18960396.html
Дәрігерге алып барған: Көкшетауда анасынан қашып кеткен бала із-түзсіз жоғалды
Дәрігерге алып барған: Көкшетауда анасынан қашып кеткен бала із-түзсіз жоғалды
Sputnik Қазақстан
Бала анасымен бірге Көкшетау медицина диспансері ғимаратында қабылдауда болған 22.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-22T19:38+0500
2021-12-22T19:38+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
https://sputnik.kz/img/439/28/4392871_0:325:3063:2048_1920x0_80_0_0_b3df4225640a46068629007b477c04f3.jpg
КӨКШЕТАУ, 22 желтоқсан – Sputnik. Ақмола полициясы 12 жастағы баланы іздестіріп жатыр. Ол сәрсенбі күні түскі уақытта дәрігерге көрініп жатқан кезде қашып кетіп, із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2009 жылы туған Болат Бекдәулет Зеренді ауданында тұрады.Белгілері: бойы 160-165 сантиметр, орта денелі, қара шашты, беті сопақша келген, қараторы, қой көзді.Киген киімі: қара көк күрте, қара тоқылған қалпақ, қара джинсы, қара етік.Криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары қонақүйлерді, жалдамалы пәтерлерді, компьютерлік клубтарды, сауда орталықтарын, шаруа қожалықтарын, қараусыз қалған ғимараттарды, құрылыс алаңдарын, кәріздерді, гараж кооперативтерін, саяжайларды шолып, баланы іздеп жүр. Қоғамдық көлік жүргізушілерін, такси және жеке такси жүргізушілерін тексеріп жатыр.Жоғалған жасөспірімнің қайда жүргенін білетіндер полицияға (7162) 29-10-09, 29-11-14, 29-10-12, 29-10-07, 29-10-08, 8-776-110-65-65, 8-707-552-61-59 телефондары арқылы хабарлай алады. Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында қой бағуға кетіп жоғалған 11 жастағы бала табылды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/439/28/4392871_112:0:2843:2048_1920x0_80_0_0_9031caa54fe1a18a6c553739edaca83c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Дәрігерге алып барған: Көкшетауда анасынан қашып кеткен бала із-түзсіз жоғалды
19:38 22.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Бала анасымен бірге Көкшетау медицина диспансері ғимаратында қабылдауда болған
КӨКШЕТАУ, 22 желтоқсан – Sputnik. Ақмола полициясы 12 жастағы баланы іздестіріп жатыр. Ол сәрсенбі күні түскі уақытта дәрігерге көрініп жатқан кезде қашып кетіп, із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2009 жылы туған Болат Бекдәулет Зеренді ауданында тұрады.
"Сәрсенбі күні, 22 желтоқсанда түскі сағат 12-лер шамасында ол анасымен бірге Көкшетаудағы медицина диспансері ғимаратында қабылдауда болған. Бала анасынан қашып кеткен, оның қайда екені әзірге белгісіз", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Белгілері: бойы 160-165 сантиметр, орта денелі, қара шашты, беті сопақша келген, қараторы, қой көзді.
Киген киімі: қара көк күрте, қара тоқылған қалпақ, қара джинсы, қара етік.
Криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары қонақүйлерді, жалдамалы пәтерлерді, компьютерлік клубтарды, сауда орталықтарын, шаруа қожалықтарын, қараусыз қалған ғимараттарды, құрылыс алаңдарын, кәріздерді, гараж кооперативтерін, саяжайларды шолып, баланы іздеп жүр. Қоғамдық көлік жүргізушілерін, такси және жеке такси жүргізушілерін тексеріп жатыр.
Жоғалған жасөспірімнің қайда жүргенін білетіндер полицияға (7162) 29-10-09, 29-11-14, 29-10-12, 29-10-07, 29-10-08, 8-776-110-65-65, 8-707-552-61-59 телефондары арқылы хабарлай алады.