https://sputnik.kz/20211222/Ibragimova-zeynetaqy-salymshy-18957616.html
Ибрагимова салымшылардың бірі зейнетақы жинағынан 162 миллион теңге алғанын айтты
Ибрагимова салымшылардың бірі зейнетақы жинағынан 162 миллион теңге алғанын айтты
Sputnik Қазақстан
Зейнетақы жинағына тұрғын үй сатып алуға қатысты ең ірі мәміленің сомасы 162,4 миллион теңге болды 22.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-22T16:05+0500
2021-12-22T16:05+0500
2022-02-01T13:05+0500
зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу
экономика
зейнетақы жинағы
салымшы
https://sputnik.kz/img/1205/84/12058458_0:0:2049:1160_1920x0_80_0_0_f96f42cca3dc23bc816496cd3836efaf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Зейнетақы жинағы есебінен тұрғын үй сатып алу бойынша ең ірі мәміле 162 миллион теңгеден асты. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Иә, зейнетақы жинағына тұрғын үй сатып алуға қатысты ең ірі мәміленің сомасы 162,4 миллион теңге болды. Бұл премиум-класқа жататын баспана болуы керек. Ал ең аз мәміленің сомасы миллион теңгенің шамасында болды. Оны ауылды жерде немесе аудан орталығында пайдаланған секілді", - деді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.Оның айтуынша, биыл зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілгеннен кейін баспана сатып алу көрсеткіші күрт өсті. Соның салдарынан тұрғын үй бағасы да көтерілді. Банк басшысы зейнетақы жинағы есебінен 17 миллион теңгеге тісін емдеткен салымшы туралы да айтты."Ондайда клиникамен жасалған келісімшарт пен төленетін шотты ұсыну қажет. Имплантация қымбат болады. Швейцариялық немесе израильдік имплант бар. Сосын 18-19 имплант қойса, 17 миллион теңгенің есепшоты шығуы әбден мүмкін. Банк тіс пен импланттың санын тексере алмайды. Сондықтан салымшыға сенуге тура келеді", - дейді Ибрагимова.Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты тағы бір қызмет іске қосылды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1205/84/12058458_0:0:2049:1288_1920x0_80_0_0_666218b8a8b7d94eac30244c45daed78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу, зейнетақы жинағы, салымшы
зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу, зейнетақы жинағы, салымшы
Ибрагимова салымшылардың бірі зейнетақы жинағынан 162 миллион теңге алғанын айтты
16:05 22.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Зейнетақы жинағына тұрғын үй сатып алуға қатысты ең ірі мәміленің сомасы 162,4 миллион теңге болды
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Зейнетақы жинағы есебінен тұрғын үй сатып алу бойынша ең ірі мәміле 162 миллион теңгеден асты. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Иә, зейнетақы жинағына тұрғын үй сатып алуға қатысты ең ірі мәміленің сомасы 162,4 миллион теңге болды. Бұл премиум-класқа жататын баспана болуы керек. Ал ең аз мәміленің сомасы миллион теңгенің шамасында болды. Оны ауылды жерде немесе аудан орталығында пайдаланған секілді", - деді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, биыл зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілгеннен кейін баспана сатып алу көрсеткіші күрт өсті. Соның салдарынан тұрғын үй бағасы да көтерілді.
"2021 жылы сату-сатып алу келісімшарттарының саны өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп болды. Осы күнге дейін ипотекасыз 179 192 мәміле жасалды. Адамдар кредит алмай, үйді толығымен сатып алды", - деп атап өтті Ибрагимова.
Банк басшысы зейнетақы жинағы есебінен 17 миллион теңгеге тісін емдеткен салымшы туралы да айтты.
"Ондайда клиникамен жасалған келісімшарт пен төленетін шотты ұсыну қажет. Имплантация қымбат болады. Швейцариялық немесе израильдік имплант бар. Сосын 18-19 имплант қойса, 17 миллион теңгенің есепшоты шығуы әбден мүмкін. Банк тіс пен импланттың санын тексере алмайды. Сондықтан салымшыға сенуге тура келеді", - дейді Ибрагимова.